Орталығымыздың дәстүріне сай ауысымның алғашқы күндерінде «ҚР Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына арналған «Көзқарас» республикалық дебат турнирі» атты 4-ауысымның салтанатты ашылу рәсімі өтті. 4-ауысымда республикалық, облыстық, аудандық дебат турнирлерінің жеңімпаздары, мектеп дебат клубтарының қатысушылары бас қосып отыр.
Дебат-бұл ежелгі дәуірден бері келе жатқан пікірталастың ерекше түрі. Бастапқы түрінде пікірталас адам алғаш рет бір нәрсемен келіспей, өз көзқарасын қорғауға тырысқан кезде пайда болды. Қазіргі күні пікірталастар өте танымал және қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларында маңызды рөл атқарады.
Өз көзқарасын тұжырымдай білу және оны дұрыс дәлелдеу әр адам үшін маңызды. Дәл осы бағытта дебат өнері жұртшылық алдында сөйлеуге, өз ойын нақты білдіруге үйретеді.
Бұл ауысымда қатысушыларды көптеген қызықты іс-шаралар мен ҚР Ұлттық дебат федерациясы өкілдерінің шеберлік сыныптары және тренингтері күтіп тұр. 
Ауысым бағдарламасындағы барлық іс-шаралар балдырғандар үшін ерекше есте қалар мерекеге айналарына сенеміз!

 


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner