12-сәуір Қазақстан Республикасында ғылым саласының қызметкерлерінің кәсіби мерекесі - Ғылым қызметкерлері күні аталып өтіледі. «Балдәурен» РОСО-да Ғылым қызметкерлері күні мерекесіне арналған «Оқушылардың ғылыми жұмыстарының марафоны» атты байқау өтіп жатыр. Байқау 8-9 сынып оқушыларының арасында мынандай үш бағытта өтуде: гуманитарлық, шығармашылық, жаратылыстану бағыттары. Бірінші іріктеу кезеңіне 650 жұмыс жіберілді. Бүгін өткелі жатқан екінші қорытынды кезеңге 187 жоба өтіп отыр. Бірінші кезең жеңімпаздарының жоба қорғауы  ZOOM платформасында өтетін болады. Қатысушыларға сәттілік, ынта және болашақта бірегей жобалар тілейміз!


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner