
Биологиялық -экологиялық бағыттағы ғылыми-зерттеу жұмыстары мен жобаларының Республикалық байқауы
Биология-экология бағыты бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары мен жобалардың республикалық байқауының мақсаты – оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту, экологиялық ойлауды қалыптастыру, табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін тәрбиелеу, сондай-ақ ғылымға қызығушылық танытқан дарынды мектеп оқушыларын анықтау және қолдау.
Байқаудың міндеттері:
- оқушыларды ғылыми-зерттеу қызметіне тарту және ғылыми ойлау қабілеттерін дамыту;
- биология және экология саласындағы өзекті мәселелерді анықтау және оларды шешу жолдарын ұсыну;
- жас зерттеушілердің жобалық қызметін насихаттау және үздік жұмыстарды анықтау
Байқауға қатысушылар: 7-8 сынып оқушылары.
Қатысу түрі: жеке немесе топтық (екі қатысушыдан артық емес).
Өткізу форматы: қашықтықтан.
Жұмыс тілдері: қазақ, орыс.





