ҚР Оқу-ағарту министрлігі бекіткен, 2026 жылға арналған жоспар – кестесіне сәйкес «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында ағымдағы жылдың 02 және 16 маусым аралығында «Миллиардер фабрикасы» Crypto-Start» атты 7 ауысымы өтеді.
Ауысым қатысушылары: Математика, информатика бойынша пәндік олимпиадалардың, ғылыми жобалардың жеңімпаздары мен қатысушылары, экономика, көшбасшылық және кәсіпкерлік бойынша үйірмелердің қатысушылары, ҚР ҚК әскери қызметкерлері мен қызметшілерінің балалары.
Ауысым мақсаты: Қатысушылардың экономика, кәсіпкерлік және қаржылық сауаттылық негіздерін қалыптастыру арқылы көшбасшылық қабілеті дамыған, инновациялық ойлайтын және болашаққа бағытталған тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ету.
Ауысым міндеттері:
- көшбасшылық, жауапкершілік және командалық жұмыс дағдыларын дамыту;
- цифрлық экономика, қаржылық сауаттылық және кәсіпкерлік негіздері бойынша білімін кеңейту;
- ауысымға қатысушылардың бойында адамгершілік қасиеттер мен патриоттық құндылықтарды тәрбиелеу.
Ауысым бағдарламасында:
- «Start Миллиардер» отряд визиткасын қорғау кеші;
- Qadam» өзін-өзі басқару ұйымының президенттігіне үміткерлермен танысу;
- 2026 жылғы 7 ауысымның салтанатты ашылуы;
- «Шабыт әлемі» шығармашылық байқаулары;
- «ZHASTARMEN BIRGE BOL» «Жастар» педагогикалық отрядымен танысу;
- «Цифрлық инвесторлар» байқауы;
- «Бизнес сити» экономикалық ойыны;
- «DIGITAL CHALLENGE: Жетістік коды»
- «Карта моего коллектива» бекет бойынша ойыны;
- «Star teenager» би байқауы;
- «Туған күн жұлдыздары» туған күн иелеріне арналған кеш;
- «Шоу симфониясы» атты дыбыстық оркестр байқауы;
- «Олимпия» СМ;
- 2026 жылғы 7 ауысымның салтанатты жабылуы;
- «Жүрек төріндегі Балдәурен» гала концерт,
- «Балдәуренде қайта жолығайық!» бекет бойынша ойыны.
2026 жылдың 7-ауысымының салтанатты ашылуы 04 маусым күні сағ.17.00-де.
2026 жылдың 7-ауысымының салтанатты жабылуы 15 маусым күні сағ.17.00-де.
Біздің мекен-жай: 021700, Ақмола облысы, Щучинск қаласы, «Балдәурен» РОСО» РМҚК, Щучье көлінің оңтүстік-батыс бөлігі.
Телефон/факс: 8 (71636) 7-91-34 (қабылдау бөлмесі)
Е-mail: baldauren@mail.ru





