
«Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы» РМҚК (бұдан әрі – Балдәурен, Орталық) 2026 жылғы 23-25 сәуір аралығында «Жазғы Boom!» Максимумға қайта жүктеу» педагогикалық отрядтардың республикалық слетін (бұдан әрі-Слет) өткізеді.
Слет балалардың сауықтыру лагерлері мен студенттік педагогикалық отрядтардың шығармашылық бастамаларын жандандыруға және қолдауға, сондай-ақ тәлімгерлер мен балалар демалысын ұйымдастырушылардың кәсіби қоғамдастығын дамытуға бағытталған.
Іс-шара балаларды жыл бойы сауықтыру, демалдыру мен еңбекпен қамту жүйесін ұйымдастырудың сапасы мен тиімділігін арттыру, сондай-ақ өскелең ұрпақпен бірге тәрбие және сауықтыру жұмысы саласында кадрлық әлеуетті дамыту мақсатында өткізіледі.
Слеттің міндеттері:
• Жастарға патриоттық, рухани-адамгершілік тәрбие беру;
• Қазақстан Республикасының студенттік педагогикалық отрядтар қозғалысын жастарды ұйымдастырудың тиімді нысаны ретінде танымал ету;
• педагогикалық отрядтар арасындағы кәсіби және мәдени байланыстарды дамыту және нығайту;
• ең үздік педагогикалық отрядтарды және олардың қатысушыларын анықтау және қолдау көрсету;
• Слет қатысушыларының кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Слетке балалар сауықтыру лагерлерінің (орталықтарының) педагогикалық отрядтары, Қазақстан Республикасы жоғары және арнаулы орта оқу орындарының құрылған педагогикалық отрядтары қатысады.
Слет бағдарламасында:
- «Жастар» педагогикалық отрядымен танысу кеші;
- Слеттің ашылу және жабылу салтанаты;
- командалардың визит карточкасы, Республикалық педагогикалық отрядтар слетінің Гимні байқауы;
- «Жазғы Воот!» балалар әлемі тәлімгердің көзімен» атты отрядқа арналған іс-шаралар байқауы;
- дискотека;
- қорытынды шам кеші және естелік сыйлықтар, кәдесыйлар алмасу;
- «Балдәурен» РОСО ұйымдастырушы-ұстаздарынан шеберлік сағаттары;
- мәдени және экскурсиялық бағдарлама («Бурабай» МТҰП киелі жерлеріне бару).
Слет жас ұрпақтың дамуына білім, күш пен шабыт салуға дайын жастарды біріктіретін кәсіби өсу, шығармашылық алмасу және бірыңғай көшбасшылық ортаны қалыптастыру үшін маңызды платформа болады.
24.04.2026ж. сағ 10.00. – Республикалық Слеттің салтанатты ашылу рәсімі.
25.04.2026ж. сағ. 12.00. - Республикалық Слеттің салтанатты жабылу рәсімі.
Мекен-жайымыз: 021700, «Балдаурен» РОСО РМҚК
Щучье көлінің оңтүстік-батыс бөлігі,
Щучинск қ., Ақмола облысы.
телефон/факс 8 (71636) 79-134 (қабылдау бөлімі),
Е – mail: baldauren@mail.ru
Сайт: www.baldauren.kz





