Дәстүр мен мәдениет – ұлттың генетикалық коды,
сондықтан да өз бойымызда және балаларымыздың бойында жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуіміз керек.
Н.Ә. Назарбаев
Еліміз егемендік алғаннан бері жас ұрпақ тәрбиесінің темірқазығы – қазақстандық патриотизм болды. Бұл ұғым біздің Тәуелсіздігімізбен қоса туған жаңа сөз болып, еліміздегі саяси-әлеуметтік ахуалдың ерекшелігін көрсетеді. Елімізде жүзден аса ұлттар мен ұлыстардың өкілі өмір сүруде. Қазақстан олардың көпшілігінің туған Отаны және бұдан былай да мәңгі тұрақтап қалар мекені болмақ. Бұл ұғымның педагогикалық жүгіне келер болсақ, ол болашақ Қазақстан азаматтарын тәрбиелеумен тығыз байланысты.
2016 жылы «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығының базасында Қазақстандық жас патриоттар Академиясы ашылды. Академияның басты мақсаты – «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы тұрғысынан қазақстандық жас патриоттарды тәрбиелеу, жас өспірімдер мен жастардың арасында жоғары қоғамдық белсенділіктерін дамыту. Бүгінгі таңда қазақстандық жас патриоттар Академиясында балалар саны – 1185, олар ауылдық және қалалық мектептерде өздерінің креативті идеялары мен мақсаттарын орындау үшін іс-шаралар ұйымдастыруда.
Осыған байланысты, «Балдәурен» РОСО-ғы мен «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты» қоғамдық ұйыммен бірлесе отырып, еліміздің түкпір-түкпіріндегі жас патриоттарды қолдау мақсатында, еліміздің барлық өңірлерінде ҚР Мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдық мерекесіне орай, «Көк тудың желбірегені» атты көшпелі жаңа жобаны ұйымдастырды. Жобаның басты мақсаты - жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру, ата-ана қамқорлығынсыз қалған таланттардың үлкен сахнада өнер көрсетуіне ықпал жасау, өскелең ұрпаққа мәдени және рухани тәрбие беру.
Аталмыш жоба аясында еліміздің барлық өңірлерінде ҚР «Дарын» мемлекеттік сыйлығының иегері, патриоттық әндердің орындаушысы Ибрагим Ескендірдің концерттері өткізілетін болады. Қазіргі уақытта республикалық патриоттық концерттер 9 облыстық орталықта жоғары деңгейде өткізілді. Олар: Қызылорда, Шымкент, Тараз, Алматы, Талдықорған, Ақтау, Атырау, Орал, Ақтөбе.
Патриоттық концерттердің құрметті қонағы ретінде қоғам және спорт қайраткерлері, қазақстандық жас патриоттар Академия мүшелері, қаһарман оқушылар, үздік оқушылар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, тұрмысы төмен отбасылардың балалары, мүмкіндіктері шектеулі оқушылар, білім және мәдениет салаларында жетістікке жеткен жастар. Концерт барысында облыстық жарыс жеңімпаздары марапатталады.
Республикалық концертте қазақстандық жас патриоттар Академия мүшелері еліміздің жастары атынан құрбыларына үндеу жолдады. Жастарымыздың бойына елжандылық, азаматтық, жоғары ізгілік пен адамгершілік сезімдерді жан-жақты жетілгенде ғана, Қазақстандық патриотизм сезімі асқақтай түседі деп қорытынды жасады сөздерінде.
Бұл үлкен іс-шара өз мақсатына толық жетті, себебі өскелең ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелеу, жастардың бойында патриоттық сезімді нығайту, жас ұрпаққа Тәуелсіздіктің мағынасын, маңызын, Тәуелсіздік ұғымының жемісін, баға жетпес байлығымыз – ұлт құндылығын берік сақтауымыз керектігін түсіндіру жұмыстары орындалды. Осы концерттік бағдарлама қыркүйек айында басқа аймақтарда да жалғасын табады.
Туған халқымыздың өткен тарихына көз жіберсек, отансүйгіштіктің керемет үлгілерін көреміз. Еліміздің дербес, толыққанды ел, егеменді мемлекет болуы – халқымыздың ертеден бергі еркіндік үшін, туған жері, Отаны үшін күресінің жемісі. Бүгінгі таңдағы еліміздің әлемдік өркениет шеңберінде өз орны мен статусын алуға ұмтылысы заңды құбылыс.
ПРЕСС-РЕЛИЗ 3 смены 2021 года Республиканский конкурс детского творчества «Террито..
2021.02.24
2021 жылғы «Baldauren ArtMagic» шығармашылық аймағы» балалар шығармашы..
2021.02.24
23 февраля в Республиканском учебно-оздоровительном центре «Балдаурен» проше..
2021.02.24
К 5-летию образования Казахстанской Академии молодых патриотов «Республиканский уч..
2021.02.22
"Қазақстандық жас патриоттар Академиясы" құрылғанына 5 жыл толуына орай «Бал..
2021.02.22
Отчет по итогам проведения ШВМ 2 смена 2021 года Занятия в Школе вожатского мастерства ..
2021.02.21
Тәлімгерлік шеберлік мектебінде сабақтар 2021 жылғы 8-17 ақпан аралығында кестеге сәйкес..
2021.02.21
2021 жылғы «Мен – Қазақстан азаматымын!» жас патриоттардың Республик..
2021.02.05
ПРЕСС-РЕЛИЗ 2 смены 2021 года Республиканский слёт юных патриотов «Я &nda..
2021.02.05
В соответствии с планом-графиком смен на 2021 год, утвержденным МОН РК, Республиканский ..
2021.01.08
С 7 по 15 декабря Национальной Академией образования им. И. Алтынсарина были организован..
2020.12.24
7-15 желтоқсан аралығында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясында «Педаго..
2020.12.24
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Абай және ХХІ ғас..
2020.12.10
2020 жылдың 27- қарашасы- «Балдәурен» РОСО ерекше күн. Себебі бұл күні..
2020.11.27
Сіздерді 27 қараша –«Жастар» педагогикалық отрядының құрылған кү..
2020.11.27
В честь дня рождения всеми любимого педагогического отряда «Жастар» РУ..
2020.11.26
Сүйікті «Жастар» педагогикалық отрядының туған күніне орай «Балдәурен&..
2020.11.26
Бүгін «Балдәурен» РОСО «Жүрегімнің түбіне терең бойла...» ..
2020.11.24
Бүгін Орталығымыздың кітапханасында қызметкерлер мен ауысым қатысушылары арасында ..
2020.11.24
Бүгін «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында қазақтың ұлы ғалым..
2020.11.18
13 ноября прошел телемост между РУОЦ "Балдаурен" и ВДЦ "Орлёнок" и посвящённый 69 ..
2020.11.13
13 қарашада Мәскеу шайқасының 69 жылдығына, 316- атқыштар дивизиясының ерлігі мен 28 пан..
2020.11.13
ҚР БҒМ 2020 жылға бекіткен Жоспар-кестесіне сәйкес «Балдәурен» Республикалық..
2020.11.13
Бүгін «Балдәуренде» Ұйымдастырушы-ұстаздардың мәртебесі мен кәсіби шеберлігі..
2020.11.12
«Вся жизнь и деятельность Абая Кунанбаева, его неповторимое творчество яв..
2020.11.10
«Абай Құнанбаевтың бүкіл өмірі мен шығармашылығы, оның ерекше шығармашылы..
2020.11.10
Бүгін «Балдәурен» РОСО-да тәрбие үрдісіне жауапты педагог кадрларды ынталанд..
2020.11.06
ПОЛОЖЕНИЕ о проведении конкурса профессионального мастерства среди педагогов-..
2020.11.05
4 ноября 2020 года в РУОЦ «Балдаурен» прошел международный онлайн-телемост с..
2020.11.04
2020 жылдың 4-қарашасында «Балдәурен» РОСО мен «Зубренок» Халықа..
2020.11.04
Современные технологии позволяют нам преодолеть любые расстояния и увидеться онлайн. &nb..
2020.10.30
Заманауи технологиялар кез-келген қашықтықты артта қалдырып, онлайн көрісуге мүмкіндік б..
2020.10.30
Лакомкина Е.В., методист научно-методического отдела РГКП «РУОЦ» Балдаурен&r..
2020.10.30
«Балдәурен» РОСО» РМҚК ғылыми-әдістемелік бөлімінің әдіскері Е.В..
2020.10.30
Шығыстың ғұлама ойшылы, математик, астролог, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз ат..
2020.10.22
В соответствии с планом-графиком смен на 2020 год, утвержденным МОН РК, Республиканский ..
2020.10.16
ҚР БҒМ 2020 жылға бекіткен жоспар – кестесіне сәйкес «Балдәурен» Респу..
2020.10.16
10-11 қазан аралығында «Балдәурен – 2020:мүмкіндіктер уақыты» медиафор..
2020.10.12
В минувшую субботу в рамках программы 13 смены 2020 года в РУОЦ «Балдаурен» ..
2020.10.05
Бүгін Орталығымызда «Балдәурен — 2020: мүмкіндіктер уақыты» медиа..
2020.09.29
ПРЕСС-РЕЛИЗ 13 смены 2020 года Медиафорум «Балдаурен — 2020: время возможн..
2020.09.28
2020 жылғы «Балдәурен — 2020: мүмкіндіктер уақыты» медиафорумы 13&nd..
2020.09.28
«Балдәурен» Республикалық оқу – сауықтыру орталығында «Lan..
2020.09.22
Елімізде 2012 жылдан бастап ресми түрде елбасымыз Нұрсұлтан Назарба..
2020.09.22
Демалыс күндері «Ақмола облысы мұрағаттық құжаттарда» виртуалды көрмесімен &..
2020.09.21
КОНЦЕПЦИЯ 12 смены 2020 года Республиканский лингвистический брифинг «Language ..
2020.09.03
2020 жылдың 12 ауысымының ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ «Language is the key to the hear..
2020.09.03