2019 ЖЫЛДЫҢ 9 АУЫСЫМЫ «ЖҰЛДЫЗДЫ КОКТЕЙЛЬ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТЕАТР ӨНЕРІ ЖӘНЕ ЖАС ЖАЙДАРМАНШЫЛАР ФЕСТИВАЛІ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

2019.11.11
Рассказать:

Бүгінде жалынды жастардың басын қосқан «Жайдарман» әзілқойлар мен тапқырлар сайысы (бұданәрі–«Жайдарман») жастардың сүйіп көретін және сүйсіне ойнайтын әзіл алаңына айналды. «Жайдарман» — қазіргі таңда телеарна арқылы көрсетіліп, көптің ықыласына бөленіп жүрген ерекше жобалардың бірі. Көптеген жастардың жүрегіне жол таба білген бұл ойын жарнаманы қажет етпейді, керісінше Жайдарманның өзі жарнама болып табылады. Жайдарманның ең басты ерекшелігі — өз шығармашылығына өмірдегі, саясаттағы, жалпы қоғамдағы болып жатқан құбылыстарды өзек етуінде және де халықтың заманауи сұранысының талаптарына сай болуында. Сахна мәдениеті мен шеберлік, би, ән, мимика, сөйлеу мәнері, ой ұшқырлығы сияқты өнер атаулының түрлі жанрларын қамтитын аталмыш ойын тек шығармашыл жастардың орталығы. Егемендік пен тұрақтылықты ту етіп, халқымыздың рухани және мәдени топтасуы мен ұрпақтар сабақтастығын ұштастыруды, елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформаларды кеңінен насихаттауды мақсат тұтқан «Жайдарман» әзілқойлар мен тапқырлар сайысы – жастарды мәдениеттілікке тәрбиелеу, зияткерлік деңгейін көтеру және өмірлік дұрыс бағыт-бағдар беру мен қоғам дамуына үлес қосу мен жастардың өмірде өз орнын дұрыс таба білуге баулиды.

БҮГІНГІ ЖАЙДАРМАН ЖАСТАРЫ – ЕРТЕҢГІ ЕЛ БОЛАШАҒЫ!

Жайдарманның мақсаты :       

• Қазақстан КТК Одағының ең негізгі мақсаты – мемлекеттік тілді КТК қозғалысын өркендету. Қазақ тілін кеңінен қолдану өрісін көркейте түсуге және де беделін арттыруға үлес қосу;

• Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан — 2050» Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын кеңінен насихаттау;

•«Интеллектуалды ұлт — 2020» қалыптастыру идеясынан туындайтын мақсат-міндеттерді орындау;

 • Жас буынды тәрбиелеудің негізгі бағыттарының іске асуын қолдау және «Саламатты Қазақстан» бағдарламасында көрсетілген салауатты өмір салтын насихаттау;

• Жастардың жан-жақты шығармашылық қабілеттерін дамыту және олардың зерделік потенциалын жүзеге асыру;

• Қазақстан халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік әлеуетті қалыптастыру;

• Жастар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналылығын арттыру;

• Танымдық жұмыстарды ынталандыру;

• Жастар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін қолайлы жағдай жасау;

•Жауапкершілік мен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған жастардың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту;

• Өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру;

• Халықаралық бітім мен азаматтық келісімге келуге, Қазақстан халықтарының ұлттық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының дамуына, өнегелі және рухани байлықтарын нығайтуға жағдай жасау;

• Республика аралығында және халықаралық байланыстың орнауы мен дамуына үлес қосу;

 

Мәдениет майданындағы сүбелі ісіміздің бірі — театр. Театр көрінгеннің ермегі емес, еңбек. Еңбектің көркемі. Театр — көңіл көтерудің ғана орны емес, мәдени ошақ. Өнер орны, еңбекшілер үстемдігінің мәдениет майданындағы қармаулы орынның бірі. Бүтін ел шаруасын, қоғам құрылысын социалдық негізде қайта жасауға қол қойған үстіміздегі дәуірде өнердің, өнер ішінде әдебиеттің, театрдың орны өзгеше. Бұлар — өнердің төңкерісшілдері.

Театр – халықты эстетикалық адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелеудің аса маңызды құралы. Оның өзгеше бір қасиеті, яғни әрекетке құрылған табиғаты сахналық ойын-сауықтың мазмұн-желісі мен идеялық-эстетика негізін құрайтын драма арқылы ашылады. Театр әдеби шығарманы сахналық әрекетпен, өзіне тән бейнелі театрлық бояу-өрнекпен жаңа күйге түсіреді де драмадағы мінез-кейіптерді, олардың өзара қарым-қатынастарынан, қақтығыстарынан туатын талас-тартыс пен іс-қарекеттеріне жан бітіріп, тірілтіп жібереді. Осыған орай көрермендер де театр сахнасында өтіп жатқан оқиға әрекет пен оған қатысушы-қаһармандардың ой-арманына, шат күлкісі мен сезім діріліне, күйінішіне, жалпы тіршілік-тынысына бейжай, немқұрайлы емес, қайта бар ынта-зейінімен, ынтызар көңілімен қарайды, яғни олар осы сәтте сахналық өмір көріністерінің жай бейтарап, салқынқанды бақылаушысынан гөрі тікелей қатысушысы ретінде бой көрсетеді. Түптеп келгенде театрдың қоғамдық-тәрбиелік қызметі мен идеялық-эмоциялық және көркемдік-эстетикалық әсер күші де осыған саяды. Театрдағы басты тұлға, пьесадағы берілген жағдайға байланысты әрекет етіп, сахналық қаһарманның характерін жасайтын – актер. Ол сахнада шығармалық процесс кезінде пьеса материалын өзінің болмыс шындық туралы ой-түсінігімен, өмірде көріп-байқағандарымен, эстетикалық сезім-түйсігімен үнемі байытып, толықтырып отырады. Бұл тұста актердің бойынан орындаушылық өнерге қоса ойшыл суреткерлік қасиет те айқын аңғарылады. Актер образы пьеса және спектакльді қоюшы-режиссердің (қара Режиссерлік өнер) түсінік-шешімі мен түсіндірмесі негізінде өмірге келеді. Өнердің өзге түрлеріндей театр да өмір шындығын көркем образдар жүйесі арқылы бейнелейді. Ал мұның өзі спектакль бойынша жүзеге асады.

Театр – ұжымдық өнер, өйткені қазіргі театр спектаклі драматург, актерлер, қоюшы-режиссерсценограф (декоратор-суретші;қара Театр декорация өнері),  композитор (қара Театр музыкасы) мен хореографиялық өнерінің және киім-кешек жасаушылар, гримшілержарық берушілер секілді, театрдағы т.б. көптеген қызметкерлер еңбегінің өзара тоғысуы нәтижесінде туады. Театр өнерінің синтездік табиғаты оның тарихи даму сатысымен тығыз байланысты. Әсіресе, театрдың өзіне тән мұндай ерекшелігі драмалық әрекет, музыкаән мен бидің бір-бірінен бөлінбей тұрған кезіндегі кең таралған халық ойын-сауықтарынан айқын көрініс тапты. Кейінгі дәуірлерде өнер түрлерінің жіктеліп шығуымен және олардың одан әрі ілгері дамуымен байланысты театр өнері өзінің синтездік қасиетінен айрылды. Сөйтіп, театр негізінде драма, опера және балет секілді 3 түрі қалыптасты. Енші алып, отау тігіп, өз алдына жекеленіп шыққанымен музыкалық театр өзінің драмалық негізінен айрылған жоқ, тек мұндағы уақиға-әрекет музыкалық драматургияның тәсілдерімен, музыка-поэзиялық образдар арқылы ашылды. Театр – табиғатынан көпшілік қауымға ғана арналған, қоғамдық-мәдени мән-маңызы үлкен өнердің бірі. Ол көрерменсіз, жеке өз алдына өмір сүре алмайды. Осыған байланысты сахна мен көрермен бірігіп отырып шынайы өмір құбылысына ой жүгіртеді, оған өз тұрғысынан баға береді; театр көрермендердің ішкі жан сезіміне әсер етіп, терең толғандырған жағдайда ғана өзінің қоғамдық-әлеуметтік қызметін атқарып, эстетикалық мақсат-мұратына жетеді.

Салт-сананың социалшылдық бағытқа бастаушысы, ұйымдастырушысы. Киімі ұлттық, сүйегі пролетариаттық мәдениеттің майданы, өнердің өндірісі. Үстіміздегі дәуірде мәдениеттің, өнердің басын осылай арашалап алған соң өнер, мәдениеттің қай саласына болса да қоятын шартымыздың беті бірыңғайланады.

 

ҚР БҒМ 2019 жылға арналған жоспар - кестесіне сәйкес «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында 11-шілде және 25-шілде аралығында «Жұлдызды коктейль» Республикалық театр өнері және жас жайдарманшылар кездесуіне байланысты 9 ауысым өтеді.  

Ауысымға қатысушылар: Республикалық және халықаралық, облыстық, қалалық, аудандық өнер мектептерінің және жайдарман байқауларының жеңімпаздары, жүлдегерлері қатысады.

Ауысымның негізгі мақсаты: Дүниені, адам өмірін, қоршаған ортаны көркемдік-эстетикалық тұрғыдан игеру. Ауысым барысында балалардың шығармашылық белсенділіктерін арттыру.

Ауысымның міндеттері:

- ауысмға қатысушылардың үйлесімді сауығуы мен физикалық дамуы үшін жағдай   

   жасау;

-  жасөспірімдердің актерлік шеберлігінің мәдениеті мен шығармашылық әлеуеттерін  

   дамыту;

- театр қойылымдары мен іс-шара оқиғаларына қатыстыру арқылы эстетикалық

   талғамдарын дамыту.

 

Новости

Абай -дана, Абай-дара қазақта

 «Рухани жаңғыру» аясында жас әдебиетшілер мен ақындар жиыны ауысымында..

2019.11.06

Өлең -сөздің патшасы, сөз сарасы

Өзіндік қадір-қасиеті сақталған қазақ жерінің қай шетінде болмасын төл руханиятының дәні..

2019.11.05

Шынықсаң – шымыр боласың

Әрбір адам спортпен айналысу керек. Өйткені спортпен үнемі айналысқан адамның дені сау, ..

2019.11.04

КӨКШЕТАУДЫ ӨЛЕҢ, ЖЫРҒА БӨЛЕГЕН

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы – ел дамуының жарқын ү..

2019.11.04

«Тапқыр достар» зияткерлік ойыны

Жас ақындар мен әдебиетшілердің жиыны аясында   «Тапқыр достар»&nb..

2019.10.31

«Алтын қақпа» бекеттер бойынша ойыны

Белгілі ғалым психолог Д.Б.Элкониннің айтқанын еске алсақ: «Ойын – баланы еш..

2019.10.29

«Заманауи басшы: табыс құпиясы» атты Республикалық семинар-практикумы

Халқымызда «Көп жас жасағаннан емес, көп игілікті ісі бардан сұра» деген жақ..

2019.10.25

Пресс-релиз 14 смены 2019 года Сбор юных поэтов и литераторов в рамках Программы «Рухани жаңғыру» (23.10-11.11.19г.)

В соответствии с Планом-графиком смен на 2019 год, утвержденным МОН РК, Республиканский ..

2019.10.23

Концепция 14 смены 2019 года Сбор юных поэтов и литераторов в рамках Программы «Рухани жаңғыру» (23.10-11.11.2019г.)

Можно спорить о разных вещах, но то, что литература крайне важна в жизни человека &mdash..

2019.10.23

2019 жылдың 14 ауысымы Жас ақындар мен әдебиетшілер жиынының (23.10-11.11.2019 ж.) Тұжырымдамасы

  Әрбір жеке халықтың өмірлік тәжірибесі айқындалған биік адамгершілік, азаматтық,..

2019.10.22

Торжественная церемония закрытия 13-смены «Аталар сөзі-ақылдың көзі»

Вот и подошла к своему логическому концу в РУОЦ «Балдаурен» г.Щучинска 13 см..

2019.10.18

Аталар сөзі-ақылдың көзі

Рухани жаңғыру»  бағдарламасы аясында 2019 жылдың  17 қазанында Балдәуре..

2019.10.18

Сокол казахской литературы

15 октября состоялся литературно-музыкальный вечер «Сокол казахской литературы&raq..

2019.10.16

Қазақ-әдебиетінің сұңқары

Қазан айының 15-сі күні қазақтың біртуар ұлы, белгілі жазушысы, қоғам қайраткері Сәкен С..

2019.10.16

Осенний балл

Осень! Удивительное слово! Это самое красивое время года. Осень мы любим за щедрость пол..

2019.10.15

Күзгі балл

Күз! Таңғажайып уақыт! Бұл жылдың ең әдемі, ең сұлу мезгілі. Күзді біз дала мен бақтарды..

2019.10.15

Мұражай-тарих айнасы

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  бағдарламасы аясында 2019 жылдың 13..

2019.10.14

Туған күндеріңіз құтты болсын, балдәурендіктер!

«Туған күнім – бақ күнім, Туған күнім – шат күнім. Сыйлайды дос, құрбы..

2019.10.11

Не? Қайда? Қашан?

Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанған оты. Ойынсыз, музык..

2019.10.09

Күзгі қиял әлемінде

Қиял мен шығармашылыққа кеңінен жол беретін, жылдың ең керемет, ең жарқын, ең дархан да ..

2019.10.08

Құрметті ұстаздар қауымы!

Сіздерді Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Халқымыздың ұлы батыры Бауыржан М..

2019.10.06

Жас тарихшылар мен географтардың Республикалық кездесуінің ашылу салтанаты

«Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында «Рухани жаңғыру&ra..

2019.10.06

«Туған өлкем-қандай көркем» топтардың тьаныстыру кеші

Кеше біздің Орталығымызда «Туған өлкем-қандай көркем» балалар өз отрядтарыны..

2019.10.03

«Туған өлкем-қандай көркем» вечер отрядных визиток

Вчера в нашем центре прошло первое общелагерное мероприятие, защита отрядных визиток под..

2019.10.03

«Балдәурен» -балалар арманының аралы

Адам баласы үшін өмірде естен кетпейтін ғажайып сәттер аз емес, солардың ішінде бақытты ..

2019.10.02

Қариясы бар ел-қазынасы бар ел

1 қазан – Халықаралық қарттар күні. Қарттарға ықылас білдіру, қуаныш сыйлау &ndash..

2019.10.01

2019 жылдың 13- ауысымы «Атаның сөзі-ақылдың көзі» Жас тарихшылар мен географтардың Республикалық кездесуі

Халық шығармашылығының байлығын, өз елінің тарихын білмей терең білім болмайды. Өйткені,..

2019.09.30

Пресс – релиз 13 смены 2019 года

Республиканская встреча юных историков и географов  «Мудрость прошлого - бесц..

2019.09.30

2019 жылдың 13 ауысымы " Атаның сөзі-ақылдың көзі" жас тарихшылар мен географтардың Республикалық кездесуі (30.09 – 19.10.19 ж.) Тұжырымдамасы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен 2019 жылға арналған ауысым ..

2019.09.30

"Балдәуренге" мың алғыс

Көзді ашып-жұмғанша  «Балдәурендегі» балалардың демалыстары да &nb..

2019.09.26

"Балдәурен"-жүрегімде

«Спорт -біздің серігіміз» ауысымы аясында «Балдәурен-жүрегімде» ..

2019.09.25

12 ауысымның салтанатты жабылуы

2019 жылдың 24 қыркүйегінде Балдәуренде  «Спорт -біздің серігіміз» атты..

2019.09.24

Әрбір тіл -өзінше ұлы

Тіл - өткеннің ұрпаққа қалдырған аманаты, бүгінгі күннің абыройы, ертеңгі күннің кепілі...

2019.09.23

«Балдәурендегі» қызығушылық үйірмелері

Бүгінгі заман – бәсекелестік пен жоғары технологиялар заманы, ғылым мен білім зама..

2019.09.20

Кружки по интересам в «Балдаурене»

Дети и творчество – понятия неразделимые! Они любят рисовать, лепить, вырезать и н..

2019.09.20

«Хор шайқасы» музыкалық байқауы

  Музыка–адам жанының, оның ең сырлы сезімдерінің, ұмтылысы мен арманының не..

2019.09.19

Бурабай шаңғы базасына саяхат

Кеше балдәурендіктер көрікті Көкшенің табиғаты көрген көзді сүйсіндіретін Бурабай ауданы..

2019.09.18

Құттықтаймыз!!!

«Балдәурен» РОСО мектеп мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Туған тілім -т..

2019.09.18

«Тілім менің-Тірегім» мәнерлеп оқу сайысының іріктеу кезеңі

Мәнерлеп оқу- дауыс ырғағын сөздердің дыбыстық үйлесімін, екпінін әуенін сақтап айту еке..

2019.09.17

Ең бақытты күн

        Кеше Орталығымызда «Ең бақытты күн» атты туған к..

2019.09.16

Халықаралық гроссмейстр Дәрмен Қанатұлы Сәдуақасовпен кездесу

 «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында «Спорт- бізд..

2019.09.16

Сеанс одновременной игры с Дарменом Садвакасовым

14 сентября  наш Центр посетил прославленный гроссмейстер Дармен Садвакасов, которы..

2019.09.16

«Спорт ғаламшары»

  «Спорт ғаламшары» атты зияткерлік- танымдық ойыны   &..

2019.09.14

Аңызды өлке Бурабайға танымдық саяхат

«Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығы екінші «Швейцария» атанған Кө..

2019.09.13

Халықаралық деңгейдегі сертификатталған коуч-тренер Ақан Мергембаймен кездесу

Психология — жеке тұлғаның рухани болмысы. Дәлірек айтсақ ішкі жан дүниесі мінез-қ..

2019.09.12

Жас спортшылардың республикалық спартакиадасы 12 – ауысымының салтанатты ашылу рәсімі

«Балдәурен» Республикалық оқу- сауықтыру орталығында бүгін «Спорт..

2019.09.10

Вечер защиты отрядных визиток «Достық мекені»

Визитная карточка отряда – это творческое представление. Она включет в себя назван..

2019.09.10

"Достық мекені" атты топтардың таныстыру кеші

Топтың өзін-өзі таныстыруы - бұл әр топтың шығармашылығының бейнесі.  Ол - топтың а..

2019.09.10