Республиканский учебно-оздоровительный центр
«Ауылым – алтын бесігім»
Республикалық балалар әлеуметтік жобаларының
байқауын өткізу туралы
ЕРЕЖЕ
КІРІСПЕ
«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын артыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында Елбасы Н.Ә.Назарбаев былай деген: «Біз ауыл аймақтарының әлеуметтік ортасын жаңғыртуға кірісуіміз керекпіз. Бұған «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасының іске қосылуы септігін тигізеді».
Отан, ел, туған жер, ауыл… бұл сөздерде әркімге ыстық: ана, әке, ата-ана, отау сияқты бейнелер жасырынып тұрғандай… Жақын адамдарыңа, туған қалаң және туған жерге деген махаббат – бұл сезімдерді тәрбиелеудің бала тұлғасын қалыптастыру үшін маңызы зор. Туған жердің тарихын зерттеу – патриоттылыққа тәрбиелеудің үздік нысаны.
Заманауи зерттеушілер патриоттық және азаматтық тәрбиелеудің әлеуметтік және педагогикалық жағдайлардың интеграциясында негізгі тұжырымдамалық факторы ретінде аймақтық компонентін қарастырады. Кіші Отаныңның табиғатына, мәдениетіне деген сүйіспеншілікке басымдылық қойылады.
Балалар мен жасөспірімдердің туған өлкесімен танысуы: тарихи-мәдени, географиялық, табиғи ерекшеліктерін тану арқылы өз елінің шынайы азаматтары мен патриоттары болуға, ең бастысы өз аймағын жақсы көруге ықпал ететін мінез-бітістерін қалыптастырады.
Жобалармен жұмыс жасау үрдісі барысында, балалар өз ауылының пайда болу тарихы туралы жаңа мәлімет алады; түрлі көздерден ақпаратты алуға үйренеді: мұражайлар, мұрағат құжаттары, байырғы тұрғындармен сөйлесу, интернет, кітаптар. Байқауға қатысу арқылы, балалар өз Отанын жақсы көріп, туған жердің қасиеті бөлек екенін ұғынады. Туған өлкеңді жақсы көру – оны одан сайын көркейту, жағдайын жақсарту ұғымымен бара бар.
1.Жалпы ережелер
1.1 «Ауылым – алтын бесігім» балалар әлеуметтік жобаларының Республикалық байқауы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын артыру» атты халыққа Жолдауы аясында өткізіледі.
1.2 Бұл Ереже «Ауылым – алтын бесігім» балалар әлеуметтік жобалардың Республикалық байқауына қатысушылардың мақсатын, міндетін, санаттарын, ұйымдастыру тәртібі мен өткізілу регламентін айқындайды. (әрі қарай – байқау).
2. Мақсаттары мен міндеттері
2.1 Байқаудың негізгі мақсаты болып балалар мен жасөспірімдердің белсенді азаматтық позицияны тәрбиелеу, өз ауылының өміріне қатысу құқығын қамтамасыз ету, өмірлік бағыт-бағдарының дұрыс таңдау дағдысын қалыптастыру, әлеуметік бастамаларды жүзеге асырудың алаңын құру.
2.2 Байқау міндеттері:
• балалар бастамасын қолдау және ауыл, ауыл адамдарының әлеуметтік мәселелерін шешуге қоғам назарын аударту;
• балалар мен жасөспірімдедің патриоттық сезімдерін, азаматтық бастамаларын және жауапкершіліктерін дамыту;
• әлеуметтік жобаларды белсенді іске асыру арқылы балалардың қатысуға ынталандыру және қызығушылықтарын арттыру.
3.Байқаудың ұйымдастырушылары
3.1 Байқауды ұйымдастырушы – Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы.
4. Байқау қатысушылары
4.1 Байқауға ауылдық білім беру ұйымдарының оқушылары, оның ішінде интернаттық мекемелердің оқушылары да қатыса алады.
4.2 Байқау қатысушылары 7-9 сынып оқушылары. Қатысу нысаны – жеке және командалық.
5. Байқауды ұйымдастыру және өткізу
5.1. Байқау 2019 жылдың 28 қаңтары мен 16 наурызы аралығында өткізіледі.
5.2 Байқау 2 кезеңде өтеді:
Байқаудың I (сырттай) кезеңі 2019 жылдың 28 қаңтары мен 18 ақпаны аралығында өткізіледі. Кезең барысында Сарапшылық комиссия байқау материалдарын сараптап, байқаудың Республикалық кезеңіне қатыстыру үшін еліміздің әр аймағынан 5 үздік жобаны таңдайды.
Байқаудың II (іштей) кезеңі – 2019 жылдың 14 наурызынан 16 наурызы аралығында І деңгей жеңімпаздары қатысады. Өткізілу орны: Ақмола облысы, «Балдәурен» РОСО. 2019 жылдың 14 наурызында байқау материалдарының таныстырылымы мен қорғауы өткізіледі. Қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар марапатталады.
6. Қатысу тәртібі
6.1. Байқауға қатысу үшін baldauren_mektep@mail.ru электронды мекен-жайына келесі материалдарды “Байқау-Ауыл” деген белгімен жіберу қажет:
• байқауға қатысу үшін өтінім-сауалнаманы, талаптарға сай ресімделген байқау материалдарын 2019 жылдың 18 ақпанына дейін; (Қосымша 1,2);
6.2 Жобалар жеке және 3-қатысушыдан құралған командалардың орындауында болуы мүмкін.
6.3 «Ауылым – алтын бесігім» байқауының 1-ші кезең қорытындысы бойынша 5 үздік балалар жобасы анықталып, жеңімпаздар Республикалық Байқаудың іштей кезеңіне қатысу үшін шақырылады.
6.4 Жұмыстар осы Ережеде көрсетілген талаптарға және ұсынылған тақырыптарға сай болуы қажет. Ұйымдастыру комитетіне белгіленген мерзімнен кеш түскен және талапқа сай емес байқау материалдары қарастырылмайды.
6.5 Байқау тілдері: қазақ, орыс.
7. Байқау материалдарын бағалаудың критерийлері:
7.1 Жобаларды бағалау келесі критерийлер бойынша жүзеге асырылады:
- ұсынылған жұмыс мазмұнының Байқау тақырыптарына сәйкестігі;
- жобаның өзектілігі;
- жобаның әлеуметтік маңыздылығы;
- жобаны әзірлеуде дербестік;
- ұсынылған жобаның өміршеңдігі мен тәжірибелік маңызы;
- отбасылық құндылықтарды және ұрпақтар жалғастығын насихаттау;
- қайталанбастығы мен шығармашылық көрінісі.
8. Қазылар алқасының қызметі (байқау комиссиясы)
8.1. Байқау комиссиясы байқауға ұсынылған материалдарды сараптамадан өкізу, байқау нәтижесін саралау мен қорытындысын шығару мақсатында ЖОО өкілдері, Орталықтың педагогикалық қызметкерлері есебінен құрылады.
8.2. Байқау комиссиясының негізгі міндеттері:
- байқауға қатысу үшін өтінімдерді қабылдау;
- байқау қатысушыларының әрекетін сараптауды ұйымдастыру мен өткізуге қатысу;
- сараптама өткізудің нәтижесі бойынша сараптама қорытындысын шығару;
- сараптама қорытындысы және комиссия мүшелерінің пікірлері негізінде байқау финалистерін ұсыну бойынша дауыс беруді өткізу мен алдын-ала шешім қабылдау;
- байқау бойынша ақпаратық қор мәліметтерін қалыптастыру;
- жеңімпаздар бойынша материалдарды дайындау;
- байқауды өткізу мен ұйымдастыру бойынша ұсыныстарды дайындау.
8.3. Байқау комиссиясының құрамы: төраға, төраға орынбасары, хатшысы мен байқау комиссиясының мүшелері.
8.4. Байқау комиссиясы отырысында комиссия құрамының тізімдемесі жартысынан көбі болған жағдайда шешім қабылдауға құқығы бар. Отырыста бар байқау комиссиясы мүшелерінің көпшілігі дауыс берген жағдайда шешім қабылданды деп есептеледі. Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді.
9. Байқауды қаржыландыру
Байқауды өткізуге және жеңімпаздарды марапаттауға кеткен шығындарды «Балдәурен» РОСО өтейді. Байқау қатысушыларының шығындары (екі жаққа жол жүру ақысы, қонақ үй, тамақ) жіберуші жақтан.
10. Байқау қорытындысын шығару мен марапаттау
10.1 Байқау қорытындысы бойынша 3 жүлделі орын анықталады (I, II және III орын).
10.2 Байқау номинациялары:
• «Ел тарихы мен өз ауылымның тарихының сабақтасуы»
• «Ұлы Даланың Ұлы есімдері»
• «Мәңгілік ел – мәңгілік құндылықтар»
• «Бір шаңырақ астында»
• «Туған жер. Туған ауыл. Алтын ұя – мектебім»
10.3 Байқау жеңімпаздары, қатысушылары грамоталармен, дипломдармен, алғыс хаттармен, сертификаттармен марапатталады.
10.4 Үздік балалар жобалары «Балдәурен» РОСО ресми сайтында орналастырылады және «Ауылым – алтын бесігім» үздік әлеуметтік жобаларының жинағында басылады.
10.5 Байқау қорытындысы Бұқаралық ақпарат құралдарында және «Балдәурен» РОСО ресми сайтында жарияланады.
Қосымша 1
«Ауылым – алтын бесігім»
балалар әлеуметтік жобаларының Республикалық байқауына қатысу үшін
САУАЛНАМА-ӨТІНІМ
Қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (туу туралы куәлік бойынша): ______________________________________________________________
_____________________________________________________________
Сынып: _____________________________________________________
Оқу тілі : _____________________________________________________
Білім беру ұйымының атауы : __________________________________
___________________________________________________________
Білім беру ұйымының мекен-жайы(облыс, аудан, ауыл/ село):
____________________________________________________________ ____________________________________________________________
Білім беру ұйымының басшысы: ________________________________
Жоба жетекшісі: ______________________________________________
Номинация: __________________________________________________
Жоба тақырыбы: ______________________________________________
_______________________________________________________________
Байланыс телефондары _________________________________________
Е-mail: ________________________________________________________
Материал аннотациясы (тақырыбы, мақсаты, мазмұны) ___________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Сауалнама-өтінімді толтыру күні «______» ______________2019 ж.
Қосымша 2
Жобаның титул бетін ресімдеуге қойлатын талаптар
1. Жоба атауы
2. Жоба авторының немесе авторлардың Т.А.Ә., жасы
3. Білім беру ұйымы
4. Жоба жетекшісі
5. Облыс/аудан
Жоба портфолиосын дайындауға қойылатын талаптар
Жоба портфолиосында болуы керек:
- жоба;
- жоба туралы БАҚ материалдары, растайтын құжаттар;
- әлеуметтік зерттеулер, сауалнама нәтижелері;
- фотосуреттер, суреттер және басқа да жобамен жұмыс жасаудың негізгі деңгейлерін көрсететін материалдар.
Құжат бумасы қазылар алқасына қатысушылардың жобамен жұмыс жасау барысын талдау үшін ұсынылады.
Жобаның басқы бетін ресімдеуге қойылатын талаптар
• негізгі мәтін: А4 форматы; бағыты-кітаптық;
• мәтін қарпі – «Times New Roman»; кегль-14;
• жол аралығы – 1,0; қызыл жол (абзац)-1,25;
• жиектері: жоғарғы, төменгі, оң жақ – 2 см;
• көлемі – 10 беттен көп емес (басқы бетін есепке алмағанда);
• мәтін көлемі бойынша теңестіру, тасымалдаусыз, компьютерлік терудің негізгі ережелерін сақтау;
• қосымшалар, оның ішінде кестелер, қосымша материалдар және т.б. ерікті нысанда ресімделеді – ақпаратты түсіну мен игеруге ыңғайлы; қосымшалар оларды пайдалану тәртібімен нөмірленеді.
Жеке жобаларды таныстыру мен қорғауға 5-7 минутан көп емес, ұжымдық жобаларға 7-10 минут уақыт беріледі.
В соответствии с планом-графиком смен на 2021 год, утвержденным МОН РК, Республиканский ..
2021.01.08
Қазақстан Республикасының БҒМ бекіткен 2020 жылға арналған жоспар-кестеге сәйкес «..
2021.01.08
С 7 по 15 декабря Национальной Академией образования им. И. Алтынсарина были организован..
2020.12.24
7-15 желтоқсан аралығында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясында «Педаго..
2020.12.24
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Абай және ХХІ ғас..
2020.12.10
2020 жылдың 27- қарашасы- «Балдәурен» РОСО ерекше күн. Себебі бұл күні..
2020.11.27
Сіздерді 27 қараша –«Жастар» педагогикалық отрядының құрылған кү..
2020.11.27
В честь дня рождения всеми любимого педагогического отряда «Жастар» РУ..
2020.11.26
Сүйікті «Жастар» педагогикалық отрядының туған күніне орай «Балдәурен&..
2020.11.26
Бүгін «Балдәурен» РОСО «Жүрегімнің түбіне терең бойла...» ..
2020.11.24
Бүгін Орталығымыздың кітапханасында қызметкерлер мен ауысым қатысушылары арасында ..
2020.11.24
Бүгін «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында қазақтың ұлы ғалым..
2020.11.18
13 ноября прошел телемост между РУОЦ "Балдаурен" и ВДЦ "Орлёнок" и посвящённый 69 ..
2020.11.13
13 қарашада Мәскеу шайқасының 69 жылдығына, 316- атқыштар дивизиясының ерлігі мен 28 пан..
2020.11.13
ҚР БҒМ 2020 жылға бекіткен Жоспар-кестесіне сәйкес «Балдәурен» Республикалық..
2020.11.13
Бүгін «Балдәуренде» Ұйымдастырушы-ұстаздардың мәртебесі мен кәсіби шеберлігі..
2020.11.12
«Вся жизнь и деятельность Абая Кунанбаева, его неповторимое творчество яв..
2020.11.10
«Абай Құнанбаевтың бүкіл өмірі мен шығармашылығы, оның ерекше шығармашылы..
2020.11.10
Бүгін «Балдәурен» РОСО-да тәрбие үрдісіне жауапты педагог кадрларды ынталанд..
2020.11.06
ПОЛОЖЕНИЕ о проведении конкурса профессионального мастерства среди педагогов-..
2020.11.05
4 ноября 2020 года в РУОЦ «Балдаурен» прошел международный онлайн-телемост с..
2020.11.04
2020 жылдың 4-қарашасында «Балдәурен» РОСО мен «Зубренок» Халықа..
2020.11.04
Современные технологии позволяют нам преодолеть любые расстояния и увидеться онлайн. &nb..
2020.10.30
Заманауи технологиялар кез-келген қашықтықты артта қалдырып, онлайн көрісуге мүмкіндік б..
2020.10.30
Лакомкина Е.В., методист научно-методического отдела РГКП «РУОЦ» Балдаурен&r..
2020.10.30
«Балдәурен» РОСО» РМҚК ғылыми-әдістемелік бөлімінің әдіскері Е.В..
2020.10.30
Шығыстың ғұлама ойшылы, математик, астролог, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз ат..
2020.10.22
В соответствии с планом-графиком смен на 2020 год, утвержденным МОН РК, Республиканский ..
2020.10.16
ҚР БҒМ 2020 жылға бекіткен жоспар – кестесіне сәйкес «Балдәурен» Респу..
2020.10.16
10-11 қазан аралығында «Балдәурен – 2020:мүмкіндіктер уақыты» медиафор..
2020.10.12
В минувшую субботу в рамках программы 13 смены 2020 года в РУОЦ «Балдаурен» ..
2020.10.05
Бүгін Орталығымызда «Балдәурен — 2020: мүмкіндіктер уақыты» медиа..
2020.09.29
ПРЕСС-РЕЛИЗ 13 смены 2020 года Медиафорум «Балдаурен — 2020: время возможн..
2020.09.28
2020 жылғы «Балдәурен — 2020: мүмкіндіктер уақыты» медиафорумы 13&nd..
2020.09.28
«Балдәурен» Республикалық оқу – сауықтыру орталығында «Lan..
2020.09.22
Елімізде 2012 жылдан бастап ресми түрде елбасымыз Нұрсұлтан Назарба..
2020.09.22
Демалыс күндері «Ақмола облысы мұрағаттық құжаттарда» виртуалды көрмесімен &..
2020.09.21
КОНЦЕПЦИЯ 12 смены 2020 года Республиканский лингвистический брифинг «Language ..
2020.09.03
2020 жылдың 12 ауысымының ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ «Language is the key to the hear..
2020.09.03
ПРЕСС-РЕЛИЗ 12 смены 2020 года Республиканский лингвистический брифинг «..
2020.09.03
2020-жылғы «Language is the key to the heart» Республикалық лингвистикалық..
2020.09.03
Биылғы жылдың бірінші қыркүйегі-ерекше күн. Біз өмірдің бірінші рет оқшаулануының қиын к..
2020.09.01
2020.08.26
2020 жылғы 24 тамызда «Орлёнок» Бүкілресейлік балалар орталығы (ББО) Халықар..
2020.08.26
2020.08.26
Пленарное заседание секции Августовского совещания педагогических работников 2020 года ..
2020.08.14
«Цифрлық трансформация: 2020-2021 оқу жылындағы білім беру жүйесінің жаңа бо..
2020.08.14
Приглашаем вас принять участие на секции педагогических работников детских учебно-оздоро..
2020.08.13
Сіздерді «Цифрлық трансформация: 2020-2021 оқу жылындағы білім беру жүйесі..
2020.08.13