Тәрбие кешені

Бөлісу:

Балалар үшін тақырыптық ауысым жоспарын жасайтын және өткізілуін қаматамасыз ететін орталықтың ең негізгі құрылымдық бөлімдерінің бірі – тәрбие кешені. Тәрбие кешенінің құрылымына келесі бөлімдер кіреді: әдістемеліктермен қамтамасыз ету және бақылау бөлімі, қосымша білім беру бөлімі және «Жастар» педагогикалық отряды кіреді.

Әдістемеліктермен қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің қызметі – әдістемелік,ақпараттық-сараптамалық,және көпшіліктік- ұйымдастырушылық секторларының жұмыстарын қамтиды*Осы бөлімнің қызметкерлері ауысымдар бағдарламасын және оның өту жоспарының мазмұнын және қойылған мақсаты мен міндеттерінің орындалу барысының терңдетілген педагогикалық сараптамасын жасайды.

Тәрбие кешенінің негізгі жұмыс міндетерінің бірі - уақытша құрылған балалар бірлестіктері жағдайында – жағымды жағдайлар және психологиялых ахуал, шығармашылық атмосфера туғызу, қоғадық өмір құндылықтары : мейрімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу және қоғамдағы әр баланың тұлғалық өсіп жетілуіне әсер ету. Әр жыл сайын ауысым тақырыптары өзгертіліп отырады, бірақ оның мағынасы, негізгі бағыттары біреу: өз тарихын тану, дәстүрін, салтын, тілін, мәдениетін білу және тұлғаның өзіне тән қадыр-қаситтерін қалыптастыру .

Балдәуренге келетін балалар өздерінің әлеуметік экономикалық, әтникалық жағдайлары жөнінде өтебай географияны алдыңа тартады. Біздің тарихи үйіміз көпұлтты болып құрылған. Онда жүздеген ұлт өкілдері мен халықтары тұрады. Ол өзінің терезесін әтнографиның жұмбақ әлеміне айқара ашып, балаларды бір-бірімен бауырластырып, өздерінің тарихи тамырларын, аңыздары мен ертегілерін, ұлттық салт - дәстүрлерін білуге шақырады .

2004-2005 жылдары Балалардың Өсу Акдемиясы және Балалардың Ұлы Жаңалық тарды Ашу Институты (Детская Академия Роста и Детский Институт Великих Открытий )бағдарламалары тәжірибеден өткізілдіп,жүргізілді. Бағдарлама авторлары орталық мамандары Е.Н Виговская және Д.В Лепешев.

2002 жылдан 2011 жыл аралығында орталық кызметкерлері үлкен ғылыми-әдістемеліктерді жинап, тәжірибеден өткізіп жүйеледі. Басылымдардың жалпы көлемі 850. Балалар демалысын ұйымдастырушы ұстаздар мен олардың басшыларына арналған 29 ақпараттық – әдістемелік жинақ, тәрбие кешенінің қызметкерлері Халықаралық, Республикалық, облыстық, аудандық ғылыми- практикалық конференция және семинар ларға қатысып, орталықтың жұмыс нәтижелерін көрсетті .

Балдәурен РОСО тәрбиелеу жұмысының жүйесі – бұл тәрбиенің адамгершілік қағидаларына сәйкес педагогикалық мақсаты мен міндеттерін белгілеп, жасөспірімдердің қоғамдық маңызды шығармашылық іс-әрекетерін, балалардың өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ететін және олардың талаптарына сай ұйымдастырып басқару.

     Тәрбие кешенінің педагогикалық-ұйымдастырушылық жұмыстарының бағыттары келесі қағидаларға негізделген:

  • Жасөспірімдердің қызығушылықтарын және қабілеттіліктерін, рухани және адамгершілік қасиеттерін дамытатын, денсаулықтарын нығайтатын педагогикалық бағдарламаларды құру және жүзеге асыру;
  • Педагогикалық жинақталған тәжірибені және өзіндік іс-тәжірибені және озық педагогикалық іс-тәжірибелерді ғылыми әдістемеліктерді жалпылау тарату;
  • Жасөспірімдердің қоғамда заманға сай әлеметтенуіне орталықта әсер ететін жағдайларды жасау;
  • Жасөспірімнің интеллектуалдық, психофизиологиялық, эмоционалдық, адамгершілік әлемін дамытудың ең тиімді инновациялық педагогикалық технолгияларын модельдеу және тәжірибеден өткізу;
  • Педагогикалық істің нәтижесін көтеру мақсатында «Балдәурен» тәрбие жұмысының іс-әректін сараптау әдістерін іздестіру және ізгілендіру;
  • Жасөспірімді кең көлемде табиғи-климаттық жағдайларды және ең тиімді әдіс тәсілдерді пайдаланып сауықтыру дегеніміз-оның күш-жігерін психологиялық ахуалын адамгершілік қасиеттерін дамыту;
  • Уақытша балалар бірлестіктері жағдайында жұмыс істейтін, педагог кадрларды дайындау және қайта даярлықтан өткізу;

Әдістемелік, қарым-қатынастық, ғылымилық, озық іс-тәжірибені меңгеру және өзінің жеке іс –тәжірибесін тарату. 

Оның жан – дүниесі өмірдің қуанышын қалайтындай,

Өз жүрегіңнің жылуын өзгелерге сыйла.

Орталықтағы балалардың бас тәлімгерлері – ұйымдастырушы ұстаздар болып табылады. Брақ балалар оларды ерте кездердегідей жетекшілер – деп атайды. Вожатый – дегеніміз - ол өзінің соңынан ергендерді қызықты және танылмаған ғажайып әлемге жетелеп апаратын бастаушы.

Ұйымдастырушы – ұстаз жетекші осы сөздің мәні мен мағынасын түсініп көріңіздеші. Ол жеті әріптен құрылған,ал жеті саны қасиетті сан . Ертеден жеті саны қасиеті және киелі деп саналған: Аптада жеті күн, Кемпірқосақтың түсі жеті түрлі, жеті нота, әлемнің жеті кереметі және т.б.

Біреулер айтқандай ұйымдастырушы – ұстаз ол мәртебе емес ол жаныңның жақсы күйі, және де онымен келіспеуге болмайды. Түсіндіруге қиын әрине, ертемен 6-дан тұру, кешке түнжарымы ауғанда жату, ал күнімен балалармен көптеген міндеттерді орындау, өзінің білімі мен біліктілігін қамқорлығындағыларға беру осыншама сарқылмайтын күш - қуатты қайдан алады десеңізші.

Жыл сайын тәрбиеші жетекшілер (вожатыйлар) тәрбиешілер шеберлік курстарын өтеді. Өздерінің жеке авторлық жобаларын жасайды. Балалардың Өсу Акдемиясы және Балалардың Ұлы Жаңалық тарды Ашу Институты (Детская Академия Роста и Детский Институт Великих Открытий) бағдарламалары бойынша жұмыс жүргізеді. Бағдарлама авторлары орталық мамандары Е.Н. Виговская және Д.В Лепешев. Бұл жұмыстар балалардың ғана емес, сонымен қатар ұйы мдастырушы ұстаздардыңда шығармашылық белсенділіктерін көтереді. Осы жұмыстардың нәтижесін балалардың үйлеріне қайтардағы сөздерінен байқауға болады. Олар кетерде осы жерге қайта келгілері келетіндіктерін және өз ұйымдастырушы ұстадарын сондай қатты жақсы көріп, ұнатып қалғандықтарын айтып, хат жазып хабарласып тұруларын өтінеді, қайтсе де қайта кездесу мүмкіндіктерін қалайтындықтарын айтып, қимай қоштасып жатады.