Жалпы мағлұмат

Бөлісу:

«Балдәурен» Республикалық оқу- сауықтыру орталығы тікілей мемлекетіміздің Басшысы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша «Артек»  Халықаралық балалар орталығы негізінде құрылды.

«Балдәурен» – республикалық ғылыми-әдістемелік, сауығу және оқу-педагогикалық ұйымдастыру орталығы, - бұл оқу–педагогикалық және сауықтыру істерін ұйымдастырумен айналысатын, сонымен қатар балалардың Халықаралық және Республикалық мәдени көпшілік, ғылыми –практикалық іс-шараларын өткізетін Республикалық оқу-сауықтыру орталығы. “Балдәурен” РОСО еліміздің ең көрікті жерлерінің бірі Бурабай курорты аймағында Щучье көлінің жағасында орналасқан.

Қазіргі таңда «Балдәурен» –ТМО және ОрталықАзия аймақтарындағы теңдесі жоқ бірден–бір балалар мен жасөспірімдердің демалысын,сауығуын ұйымдастыратын және олардың шығармашылықтарының дамуына барлық жағдайлар жасайтын Республикалық оқу–сауықтыруорталығы.

Орталық жыл бойына үзіліссіз қызмет етеді және бір ауысымда 350 оқушыны қабылдайды. Ауысымның   ұзақтығы жаз мезгілдерінде – 15 күнді, ал қыс мезгілдерінде- 20 күнді құрайды.

Балалар үшін қазіргі заман талабына сай жабдықталған бөлмелер және техникалық құралдармен жабдықтылғын сыныптар. Гидромассаждық душ кабиналары бар, жайландырылған бөлмелер.

Балалар 5 рет тамақпен қамтамасыз етіледі, сауықтыру және профилактикалық іс-шаралары: массаж, су процедуралары, емделу ванналары, сауна, коктейль және қарағайлы таза ауа.

 

Орталықтың барлық жалпы аумағы 8.62 га, оның негізгі пайдалы құрылыс аймағы – 15 288 кв.м. алады. Алты қабатты жайдың, 1 қабаты–мектеп, 2 -3 – 4 қабаттары жататын бөлмелер, 5 қабат әкімшілік-тұрмыстық, 6 қабат – ойын залдары. Бес қабатты медициналық кешен. Екі қабатты спрот кешені. Үш қабатты әкімшілік кешені. Жабық бассейн. Автотранспорттық, жылу және кір жуу шаруашылығы.

Балалардың пайдалануы үшін емдік және сауқтыру процедуралары, электронды тақталарымен және ең соңғы оқу техникаларымен жабдықталған физика , химия, лингофон, , компьютер кабинеттері, 20000 дана оқу және әдеби кітаптармен жабдықталған библиотека,топ бөлмелері бар. Қыста аяқ асты сықырлаған аппақ қар,шаңғы жолдары, сырғанақтар. Спортық қысқы және жазғы арнайы төсегіш төселген алаңдар,шатырлы қала, топтық от алауын жағатын алаңдар, тренажер, спорт және ойын залдары Халықаралық стандартқа сай жабдықталған үлкен және жүзуді жаңа үйренушілерге арналған кіші жүзу бассейіндері бар. Балалар гидро – массаж душ кабиналарымен жабдықталған бөлмелерде тұрады. Бес рет дәрумендерге бай жас көкөністер мен жемістер және калориялы тағамдар беріледі. Диета сақтау столы бар.