Білім кешені

Бөлісу:

«Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында 36 мұғалім еңбек етеді. Педагогтардың сапалық құрамы: жоғары санатты- 27%; бірінші- 32%; екінші- 29%; санаты жоғы - 12% құрайды. Бүкіл ұжым 5 әдістемелік бірлестіктерге бөлінген. Бұл мына бірлестіктер:

1. физика, математика, информатика пәндерінің бірлестігі ;

2. жаратылыстану пәндерінің бірлестігі;

3. қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің бірлестігі

4. орыс және шетел тілі пәндерінің бірлестігі ;

5. денешынықтыру пәндерінің бірлестігі.

Мұғалімдер арасынан екі шығармашылық топ құрылды:

1.Этно мәдениеттің интегративті рөлі пәндері саласы;

2.Оқытудың үшөлшемдік әдістемелік жүйесі.

Кешеннің алға қойған міндеті-баланың ұлтық және жалпы адамзатық құндылықтарын, ғылым мен практиканың жетістіктерінің негізінде қалыптасуына,дамуына және кәсіби біліктілігінің артуына, оның бәсекелестікке қабілетті тұлға ретінде дамып, өсіп өркедеуіне әсер ететін сапалы білім алуы үшін барлық жағдайларды жасау.Ауысым сайын мектепте еліміздің барлық аймақтарынан келген –288 оқушы білім алады. Ауысымға келген балалар 14 сыныпқа бөлінеді.

Білім бағдарламасында көрсетілген мектептің негізгі міндетін орындау үшін келесі жағдайлар жасалған:
  • Оқу жоспары жасалған;
  • Әдістемелік қызметінің құрлымы жасалған;
  • Мектеп жұмысының тиімділігінің бірден- бір көрсеткіші-мектеп ішілік бақылау негізінде мониторинг енгізілген;
  • Кабинеттер толық пән бағдарламалары бойынша қажетті құралдармен және интерактивті тақталармен жабдықталған;
  • Кешен мұғалімдері белсенді түрде инновацияларды (іс-тәжірибелерді) уақытылы оқып үйреніп өз іс тәжірибелерінде қолдана біледі.

Жыл бойына мұғалімдер үнемі АКТ ,үшөлшемдік деңгейлеп оқыту технологиясын ,ойын технологияларын,этнопедагогика элементтерін ,молдульдеп оқыту технологияларын қолданып ашық сабақтар өткізіп отырады.Оқу үрдісінде модульдеп оқыту технолгиясын қолдану жүзеге асырылып келеді,бұл технологияны қолдану уақытша құрылған топтар үшін оқытудың ең тиімді және қолайлы түрі болып табылады. Сонымен қатар сабақтарды кіріктіріп өткізіу тәжірибесіде енгізілді. Мемлекет Басшысы Н.Ә. Назарбаевтың жолдауына қатысты интеллектуалды ұлтты дамыту 2011-2020 ж.ж арналған білім бағдарламасының негізінде біртіндеп 12 жылдық оқу жүйесіне көшуге дайындық жасау және ауысымға қатысушы балалар инициативасын қолдау мақсатында2010 жылдың қараша айынан бастап білім кешенінің мұғалімдері ғылыми жобамен айналысушы дарынды балалардың арасында «Жас зертеушілердің ұлттық балалар академиясы» аты жобаны жүзеге асырып келеді. Бұл жоба бойынша оқушыларды қашықтан оқыту бағыт-бағдар беру жүзеге асырылады.

Бүгінгі күнге дейін еліміздің барлық аймақтарынан келген 29 оқушы әртүрлі тақырыптарда орталық мұғалімдерінің жетекшілік етуімен ғылыми жобамен айналысуда. Мұғалімдер авторлық бағдарламалар жасап әдістемелік жинақтар шығаруда

Мұғалімдердің авторлық бағдарламалары мен әдістемелік жинақтары: авторлық бағдарлама «Қазақ отбасы» атты 9-сынып оқушыларына арналған ағылшын, қазақ тілдері бойынша интегративті курс Бекетай Б.А., Қалиева С.С.; авторлық бағдарлама «Он саусақтан өнер тамған, қазағым» атты орыс мектептеріндегі 7-сынып оқушыларына қазақ тілі пәніне арналған Дәуленова Г.З., Бытишева А.Б.; авторская программа и методическое пособие «Основы культуры речи» для учащихся 8-9 классов учителя Даулбаевой Г.Т., авторский педагогический проект «Ораторское искусство и риторика» для учащихся 5-6 классов Байбасуновой Г.А.; методическое пособие для учителей истории «Использование информационных технологий на уроках истории» Яковенко А.А. Авторлық бағдарлама «Модельдеу әдісі» 5-9 сыныпоқушыларына арналған Нұркеева М.Н. Мұқашева З.Қ

Жыл сайын мұғалімдер тікілей және сырттай Халықаралық ғылыми практикалық конференцияларға белсенді қатысады.