Ғылыми-әдістемелік бөлім

Бөлісу:

Ғылыми-әдістемелік бөлім «Балдәурен» Республикалық оқу сауықтыру орталығының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Бүгінгі күні бөлімнің негізгі қызметі:

– аналитикалық;

– эксперттік;

– ақпараттық;

– бағдарлама-әдістемелік;

– ұйымдастырушы-үйлестірушілік;

– кеңес беру (консалтинговая), іздену, жаңа педагогикалық формаларды, әдістерді тарату;

– ішкі бақылаудың жүйелік талдауы.

Бөлім мамандары ауысым тақырыптарын дұрыс таңдауға, педагогикалық-әдістемелік істердің құрылымын жетілдіріп, ауысым  бағдарламасының  жүзеге асырылуына бақылау және талдау жасайды. Жұмыстың қызық және айқындалған түрлері жаңа әдістердің тиімділігін көрсетеді. Бөлім  балалардың сұранысы мен шығармашылықтарын ескере отырып, мақсатқа жетудің түрліше тиімді вариативтік мүмкіндіктерін жасайды.

Ғылыми-әдістемелік бөлім балалар мен жасөспірімдер үшін бұқаралық ақпараттық орталықтарымен үнемі байланыста болып, конференция,  семинарлар өткізіп, әдістемелік нұсқаулар жасайды, жұмыстың  жаңа әдістері мен түрлерінің әзірлемелерін жасайтын және жүзеге асыратын, бірден-бір зертхана болып қалмақ.