Медицина кешені

Бөлісу:

Адамның денсаулығы – әр уақытта, әр заманда маңызды мәселе. Өскелең ұрпақ денсаулығы қоғам мен мемлекетіміздің – дені сау ұрпағының маңызды көрсеткіші, келешекке болжам жасау.

Кешеннің негізгі мақсаты – дені сау ұрпақты тәрбиелеу, балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтау, сондықтан да «Балдәурен» Орталығында бала денсаулығына ерекше назар аударылады. Мұнда сауықтыру кешені мини-клиника іспетті.

Республикалық «Балдәурен» мини-клиникасында емдеу, сауықтыру және профилактикалық шаралар өткізіледі. Сауықтыру және шынықтыру процедуралары, сылау, физиоемдеу, тыныс гимнастикасы, емдік дене шынықтырулар арқылы жүзеге асады. Әрине, бұл мақсатта курортты аймақтың табиғи-климаттық жағдайлары да кеңінен ескеріледі.

Балалар денсаулығы мен олардың дұрыс тамақтануын жүйелі қадағалау, балалардың дене тәрбиесін ұйымдастыруда медициналық нұсқаулар беру, туристік жорықтар, мен серуендерді ұйымдастыруға қатысу – «Балдәуреннің» медициналық қызметтерінің бір бөлігі ғана.

Физиоемдеу шаралары магниотерапия, жылу терапиясы, кварц, электрофорез, УВЧ, электроұйқы, Д,Арсенваль, ДМВ және ингаляция арқылы жүзеге асырылады.

Медицина кешенінде арнайы мамандырылған ОБЖ (өмір қауіпсіздігінің негізі), «Денсаулықты сақта», «Сылау және оның ағзаға әсері», «Дәрілік шөптер» үйірмелері салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған. Мұнда балалар өмірлеріне қауіп төнген жағдайда қалай дұрыс әрекет жасауды, адам тәнінің негізгі мен оның ішкі мүмкіндіктері, табиғат құпиялары  мен басқа да ғажайыптар туралы мәлімет алады.