Орталық тарихы

Бөлісу:

Бүгінгі күні «Балдәурен» - «Артек» Халықаралық балалар орталығынан, Бүкілресейлік «Океан» және «Орленок» балалар орталықтарынан (Ресей Федерациясы), «Зубренок» Ұлттық балалар сауықтандыру лагерінен өзге ТМД елдері мен Еуразия кеңістігінде баламасы жоқ айрықша балалар орталығы болып табылады.

«Балдәуренге» Қазақтардың Бүкіләлемдік Ассоциациясының тарапынан алыс және жақын шетелдерден балаларды демалуға қабылдау игі дәстүрге айналды. Біздің орталыққа Ресейден, Қырғызстаннан, Моңғолиядан, Ұлыбританиядан, Германиядан, Қытайдан, Өзбекстаннан, Венгриядан балалар келді.

Бүгінде орталық базасында Алматы, Астана, Көкшетау, Мәскеу, Семей, Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Петропавл және т.б. қалалардың ЖОО-ның студенттері жазғы іс-тәжірибеден өтіп жүр. Польшаның, Финляндияның, Чехияның студенттері тәжірибеден өтуге келді.

Жыл сайын ҚР БҒМ, Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен «Достықтың алтын көпірі» тақырыбында дәстүрлі балалар форумы өтеді.

Жыл сайын Қазақстан Республикасының балалар бірлестіктері мен ұйымдарының фестивальдері өтеді, бұл жас тұрғындардың белсенді азаматтық көзқарастарын қалыптастыру бойынша елде балалар қозғалысын дамыту саласында оң үрдіске жол ашады.

2007 жылдан бастап жыл сайын мүмкіндігі шектеулі балалардың «Жұлдызай» Республикалық фестивалі өтіледі, дәл біздің орталықтың қызметкерлері инклюзивті білім беру саласында елімізге жаңа педагогиканы белсенді енгізуші болып табылады.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Балалар ұйымдарының Республикалық одағының бастамасы бойынша еліміздің тарихында тұңғыш рет 2009 жылғы 14-23 сәуір аралығында педагогикалық отрядтардың І Республикалық слеті ұйымдастырылды және өткізілді, бұл «Жаз – 2009» каникул кезеңіндегі балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыру, сауықтандыруы мен демалысын позитивті ұйымдастыру саласында аталған әлеуметтік-педагогикалық құбылысты жандандыруға ықпал етті.

Орталықтың жұмыс істеген жылдарында балалармен шығармашылық кездесу өткізу үшін әдебиет және өнер қайраткерлері, космонавтар мен спортшылар, депутаттар мен саясаткерлер, ғалымдар, журналистер, соғыс және еңбек ардагерлері, жас орындаушылар мен артистер келді.  қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, сондай-ақ Мәскеу қаласы Үкіметінің білім беру қызметкерлерінің делегациясы, Жапонияның, Түркияның білім беру саласының өкілдері, екі Еуропалық балалар ұйымдарының және ЮНИСЕФ, ОБСЕ Халықаралық балалар ұйымының, басқа да халықаралық ұйымдардың жетекшілері, Үндістанның, Түркияның, Кореяның және т.б. елдердің Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшілері келді.

Орталыққа келгендер: космонавт – Т.Мұсабаев; өнер қайраткерлері - Б. Аюханов, Б.Төлегенова, Н.Өнербаев, М.Омаров, Н.Нүсіпжанов, Д.Таңатаров; спортшылар - Е. Кошевой, А. Головко, Чеботько Н., Б.Сәрсекбаев, С.Волобуев, жазушылар – Алдан Смайыл, С.Тұрғынбекұлы, Әкім Ысқақ, Б.Смағұл және т.б.

Орталықтың педагогикалық қызметкерлері Халықаралық және республикалық конкурстарға қатысады.

2008 жылы педагогикалық ұжым ҚР БҒМ балалар құқығын қорғау Комитетінің ұйымдастырған «Балалық шақтың жан досы» Республикалық байқауына қатысып, аталған байқаудың «Білім берудің үздік мектептен тыс ұйымы» номинациясы бойынша лауреат атанды, ал білім кешенінің ағылшын тілінің мұғалімі Полозова С.А. жүлделі екінші орынға ие болды.

2007, 2008, 2009 жылдары (Беларусия Республикасы) «Зубренок»Ұлттық балаларды сауықтыру лагерінде дәстүрлі түрде өтетін «балалар ойнайды-біз ойнаймыз»Халықаралық педагогикалық ойын бағдарламасы сайысынан «Жастар» педагогикалық тобы үш мәрте Гран –при жүлдесін иеленді.

Халықаралық серіктестікті дамыту, балалар демалысының сапалы ұжымдық қамтамасыздандырылуы мақсатында, Мәскеу қаласында өткен «Балалар демалысын ұйымдастырушылар достастығы» халықаралық қоғамдық мекемесі Халықаралық ұйымдастырушы конференциясына, халықаралық біліктілікпен бөлісу  2009 жылы 19 нан 21-ші қазанда Қазақстан Республикасы делегациясы қатысты.

Қазақстан Республикасының делегациясы білім және ғылым Министрлігі «Балдәурен» РМҚТ РОСО-ның өкілі ретінде Қазақстанның берілген қоғам ұжымына Қазақстанның енуіне протоколға қол қойды.

Осы іс-шараны өткізу барысында конференция қатысушылары балалармен және мамандармен «Балдәурен» РМТҚ РОСО мен серіктестігінде іскерлік байланыстар өткізілді.

Мәскеу қаласындағы 1941-1945 жылдарда Ұлы Отан Соғысының 65 жылдығына арналған көпшілік-мәдени және мемориальді естелік іс-шараларда біздің делегация белсенді қатысты.

Еуропалық Бизнес Ассамблеясы Номинациялық комитетінің хатының негізінде «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы статистикалық деректердің консалтингтік, ақпараттық және рейтингтік агенттіктердің деректері, ЕВА серіктестерінің ұсыныстары бойынша (ЕВА, Оксфорд, Ұлыбритания) 2008 жылдың 08.04 № 1616, ЕВА «European Quality» («Еуропалық сапа») Халықаралық мадақтамасымен марапаттауға ұсынылды.

2009 жылдың 26 қазанында (ЕВА, Оксфорд, Ұлыбритания) Еуропалық Бизнес Ассамблеясы Номинациялық комитеті салтанатты түрде, (Қазақстан Республикасы) «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығының еңбек ұжымын жоғары бағалап, ”European Quality” (“Еуропалық сапа”) халықаралық мадақтамамен марапаттады.

Халықаралық суретшілер симпозиумына шақырылған қатысушылардың назарына, орталықта қызмет ететін көркемсурет галереясы «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында 2009 жылдың 24 желтоқсан айында іске енді. Осы симпозиум 2 жылға созылды, оның қатысушылары Қазақстанның 16 ауданынан және жақын жатқан мемлекеттер ішінде ең мықты суретшілер. Алғаш жиналған бірінші дәрежелі стилдер және техникалық бағыт.

Біздің әріптестеріміз «Камчия» СОК Болгарияда өткен «Пусть всегда будет солнце», Халықаралық балалар сурет салу байқауы сайыстарына қатысуға мүмкіндік алды.

СНГ мемлекеті қызметкерлері және І съезде ұстаздары және қызыметкерлері  қатысты. «Балдәурен» РОСО Республикалық ғылыми-практикалық орталықта «Дарын» «Талантливый учитель – одаренным детям» Республикалық педагогикалық олимпияда өткізді.

2010 жылға жетістіктер

Республикалық слет педагогикалвық топтарға.

Республиканский семинар-практикум «Жаз-2010».

Мектеп шығармалары «Дети Казахстана – лидерам ОБСЕ». Республикалық байқау мектеп шығармалары

Халықаралық суретшілер артсимпозиумы.

Балалар суреттерінің халықаралық сайысы:

Австрия (г.Вена)

Болгария (СОК «Камчия»)

Өзбекістан (г. Ташкент)

ОАЭ (г.Риад)

Халықаралық форум «жеңімпаздар ұрпағы көп (Россия, Ұлыбритания)

(Мәскеу қаласы, Ресей) Ұлы жеңістің 65 жылдығына орай халықаралық балалардың кездесуі).

«Содружество» (Ресей, ВДЦ «Орленок») ұлттық балалар орталығы педагогикалық ұжымының халықаралық сайысы.

Халықаралық және Республикалық ғылыми-практикалық конференциясы:

Беларусь (НДОЦ «Зубренок»)

Россия (ВДЦ «Орленок»)

Россия (г. Оренбург)

Орал (Қазақстан Республикасы)

51-ші халықаралық математикалық олимпияданың өткізілуі.

2009-2010 жылдары орталықта күрделі жөндеу жүргізілді.

«Балдәурен» РМҚТ РОСО бас директоры М. Б. Төлепбайдың парасаттылығының арқасында 98 мемлекетті қамтыған 51-ші Халықаралық математикалық олимпияда жоғары дәрежеде өтті.

2010 жылдың қортындысы бойынша 26 әріптес Түркияда демалуға мүмкіндік алды. 5 орталық қызметкері жоғары біліктілігін арттыру курсын Түркияда сервистік қамтамасыздандырылды.

Орталық үлкен қайырымдылық қызмет атқаруда.