Мұражай

Бөлісу:

2009 жылдың 25-желтоқсанынан бастап «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында көркем өнер галереясы өз жұмысын бастады.

Галерея Қазақстанның танымал суретшісі Зұлқайнар Қожамқұлов және «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығының Бас директоры Төлепбай Мұхитдин Бекболатұлының бірлескен жұмысының нәтижесінде құрылды.

Бірлескен жұмыс кезінде Республикалық оқу-сауықтыру орталығында

суретшілердің республикалық және халықаралық арт-симпозиумдері өткізілді. Оның қатысушылары Қазақстанның 16 аймағынан  және алыс жақын шет елдерден: Ресей, Өзбекстан және Қырғызстаннан келген ең үздік суретшілер. Симпозиум жұмысына жаңашыл мүсіншілер және қолданбалы өнер шеберлері белсенді ат салысты.

         Симпозиумнің балалар орталығында өтуі әрбір мәдени қоғам үшін жасөспірімдерді тәрбиелеудегі маңызы зор. Балалар өнер қайраткерлерімен қарым-қатынаста болу мүмкіндігіне ие болады. Симпозиум кезінде суретшілер мен мүсіншілер балалармен кездесулер, шеберлік-сыныптарын өткізді, балаларды эстетикалық құнды туындыларымен, қоршаған ортаның әсемдігімен сусындатты. 

2008 жылы республикалық, халықаралық симпозиумның қатысушылары өздерінің 40 авторлық жұмысын көркем өнер галереясына берсе, ал 2009 жылы галерея 60 жұмыспен толықтырылды. 2010 жылы көркем өнер галереясының қорына 70-тен астам сурет пен мүсіндер түсті.

Суретшілер өз туындыларында дәстүрлі көшпелі мұраға жүгініп, метафора мен ассоциация тілі арқылы ойларын жеткізеді. Суретшілердің туындылары – бұл өзгермелі әлемдегі дәстүрлі түсінік үшін қалыптасқан жаңа стильдерің көкжиегі.

Көркем өнер галереясында келесі авторлардың туындылары қойылған: Қазым Аманқосов, Мұхтар Бекенов, Қабдылғалым Қаржасов, Зұлқайнар Қожамқұлов, Ержан Құдайбергенов,  Ерлан Назарқұлов, Рафаэль Слекеновтардың,  сонымен қатар Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан суретшілері мен мүсіншілерінің: Заира Милиева, Жаныбек Бердикеев,  Жарғалбай Матураимов, Туляган Таджиходжаев, Геймран Баймуханов, Никита Поздняковтардың және т.б.  «Балдәурен» көркем өнер галереясына қойылған туынды авторларының барлығы  суретшілер Одағының мүшелері, бүкілодақтық, республикалық, халықаралық байқаулар мен көрмелердің лауреаттары болып табылады.