Денешынықтыру – туристік кешені

Бөлісу:

Денешынықтыру – туристік кешені (әрі ДТК) «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығының структуралық бөлімі болып табылады.  ДТК өз қызметінде:  Қазақстан Республикасының Конституциясымен басқарылып, «білім жайлы», «ҚР Еңбек кодексі», ҚР заңы «Балалар құқығын қорғау», «Қазақстан Республикасындағы 12 жастағы орта жалпы білім» тұжырымдамасы, «Балдәурен» РОСО РМҚТ жарғысы, орталықтың Педагогикалық және Әдістемелік кеңесінің шешімі, «Балдәурен» РОСО РМҚТ нақты ережелері басқа да мөлшерлі құжаттары, Бас директордың бұйрық және билігімен Қазақстан Республикасының Заңдарымен байланысады.

Денешынықтыру –туристік кешенінің басты қызметі «Балдәурен» РОСО-да Қазақстан Республикасының денешынықтыру тәрбиесі бағдарламасының дамуына ықпал ету. Балаларды салауатты өмір салтын сақтауға баулу. (СӨС), заманауи педагогикалық ғылымды бағындыру, үздік жұмыс қабілетін оқу-сауықтыру  шарасын орталықта тиімді қолдану.

ДТК мақсаты–ұлттық және әлемдік мәдениет дәстүрінде дене мәдениеті және спорт арқылы жеке тұлғаның түрлене дамуы.

Денешынықтыру –туристік кешені басты мақсат және міндеттермен қатар, оқу-сауықтыру қызметін 3 бағытта жүргізеді:

  • Денешынықтыру мәдениеті.
  • Спорт.
  • Туризм.