Балдәурен-Қапшағай

Бөлісу:

«КАПЧАГАЙ – БАЛДАУРЕН»

2016 жылы  ҚР Қорғаныс министрлігі «Қазақстан ГАЖ орталығы» Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі«Балдәурен» РОСО РМҚК-на «Алтын Эмель» (Алматы облысы) оңалту орталығын балалардың демалысын ұйымдастыру және оларды сауықтыру үшін уақытша қолдануға берді.

«Алтын Эмель» пансионатының аумағында орналасқан «Қапшағай-Балдәурен» балалар сауықтыру орталығы -  Балалық шақ мекені, ондағы табиғи ландшафты, құмды Қапшағай  жағалауы, мөлдір таза суы, жарқын күн, тамаша пейзаждар, жұпар иісті кештері балаларға тамаша демалыс және жақсы көңіл-күй сыйлайды. Мұнда балаларға эмоционалды-тартымды демалуға барлық жағдай жасалған: денсаулығын қалпына келтіру,  өзін-өзі  шығармашылыққа, өзара қарым-қатынас және түрлі өнерпаздыққа баулу.

«Қапшағай-Балдәурен» балалар сауықтыру орталығы Қапшағай су қоймасының солтүстік жағалауында орналасқан, Тянь-Шаннан көз алатын Іле өзенінің суымен шайылады.

Жазғы ауысымда Қазақстан Республикасының әр аймағындағы әскери қызметкерлердің балалары демалды.