Қазақстандық жас патриоттар академиясы

Бөлісу:

/жүктеу/2018 жылға арналған Жас патриоттар үшін жоспар-бағдар

 

«Қазақстандық - жас патриоттар академиясы»

тұжырымдамасы

 

Мақсаты: Әлемдік тұрақсыздық кезеңінде  уақыт  сұранысына жауап беретін қазақстандық жас патриоттарды мектеп партасы кезінен тәрбиелеу. Биылғы жыл Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен маңызды.

 Міндеті: жас қазақстандық өз тарихын, ана тілін, қазіргі қатынас тілдерін жақсы біледі. Сөйтіп, бұл тұжырымдама  креативті идеяларды табуға, идеологиялық тәрбие беруде жаңа мектеп оқушыларын білуге және нақты патриот-мектеп оқушысын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Әлемде және Қазақстанда болып жатқан әлеуметтік, экономикалық, саяси өзгерістер дәуірінде соңғы екі онжылдықтарда оқушы жастарды патриотизмге тәрбиелеу проблемасы өзінің маңызын жойған жоқ, бұрынғыдан да күшейе түсті. Мемлекеттің, армияның, жеке адамның,соның ішінде оқушы жастардың өмірлік қызметінің маңызды көзі – патриотизм.

 Патриотизм – бұл Отанға берілгендік, өз халқыңа сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімі, оның табыстары мен жеңістеріне  және жеңілістеріне толғану, сүйіну, қайғыру, оның мүдделеріне қызмет етуге тырысу және Отан қорғауға өзін құрбан етуге дейін дайын болу. Отанға сүйіспеншілік адамның сезімтал көңіл-күйі, оның сенімі, әлеуметтің қабылданған моралдық нормаларымен қалыптасқан көзқарастары.

 Патриотизм қоғамдық сана-сезім деңгейінде ұлттық және мемлекеттік бірлік идеясынан, өз халқының қайталанбастығынан, дәстүрлерінен, моралынан, тарихынан, мәдениетінен және Отанға сүйіспеншілігінен көрінеді.

 Патриоттық тәрбие – рухани-мәдени өрлеу, мақсатқа ұмтылған жастарды тәрбиелеу.

 Өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеудің басты міндеттерінің бірі қазіргі жағдайда қазақстандық мектеп оқушыларын патриоттық тәрбиелеу жүйесін жасау және құру (бұл үшін «Балдәурен» базасында «Қазақстандық жас патриоттар академиясын» құру қажет).

 Мұндай жүйені құрудың принциптері азаматтардың жеке басын және Отан қорғаушыларды қалыптастыруға жәрдемдесуге бағытталған оқу-әдістемелік, мәдени-сауықтыру, қоғамдық ұйымдармен, клубтармен, тығыз байланыс орнату болып табылады.

 __________________________________________________________________________________________

 Қазақстандық-жас патриоттар академиясы (жүктеу)

 

Парламент депутаттары мен бұрынғы сенатор Бурабайда қазақстандық жас патриоттар академиясының мүшелерімен кездесті (ФОТО)

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының бұрынғы депутаты, мемлекеттердің парламентаралық Ассамблеясының мүшесі Анатолий Башмаков, ҚР Республикалық ұлан қолбасшысы, генерал-лейтенант, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Абай Тасболатов және ҚР Парламенті Мәжілісінің қаржы және бюджет комитетінің мүшесі,  депутат Петр Шарапаев Бурабайдағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы жанынан ашылған қазақстандық жас патриоттар академиясының мүшелерімен кездесті.

«Ағалар салған жолменен» тақырыбымен өткен кездесуде «Ауылдағы тұрмыс-тіршілік, Кенеттен соғыстың басталып кеткені анықталады,  Тыныш өмір үрейге түседі», «Жас сарбаз боздақтардың ата-аналарымен қоштасуы» тақырыбында тарихи қойылым қойылды.

Шарада сөз сөйлеген орталық директоры Мұхитдин Төлепбай соңғы кездері патриотизмді және азаматтықты тәрбиелеу  идеясының қоғамдың маңызы артып, мемлекеттік маңыздағы тапсырмаға айналып отырғандығын атап өтті.

«Жыл сайын орталықта елдің әр аймағындағы мектептерден келген алты мыңнан астам оқушы демалады.

Әр маусымда балалармен жүргізілетін жұмыс және педагогикалық ұжымның жинақтаған тәжірибесі қазіргі жағдайларда қазақстандық оқушыларды патриоттық тәрбие беру жүйесін дайындап, құруға мүмкіндік береді», деді орталық директоры.

Осы мақсатта құрылған академияда балғындардың отансүйгіштік қабілетін арттырып, патриоттық сезімін қалыптастыруда түрлі  іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Айта кетер жайт, жүздесу барысында қонақтар қазақстандық жас патриоттар академиясы президумының құрметті мүшесі болып қабылданды.

Еске сала кетейік, «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы «Артек» халықаралық балалар орталығының аналогы бойынша Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен құрылды.

«Балдәурен» - бұл оқу-педагогикалық және сауықтыру істерін ұйымдастырумен айналысатын, сонымен қатар балалардың Халықаралық және республикалық мәдени көпшілік, ғылыми-практикалық іс-шараларын өткізетін Республикалық оқу-сауықтыру орталығы.

«Балдәурен» РОСО еліміздің ең көрікті жерлерінің бірі Бурабай курорты аймағында Щучье көлінің жағасында орналасқан.  Қазіргі таңда ол ТМД және Орталық Азия аймақтарындағы теңдесі жоқ бірден-бір балалар мен жасөспірімдердің демалысын,сауығуын ұйымдастыратын және олардың шығармашылықтарының дамуына барлық жағдайлар жасайтын Республикалық оқу-сауықтыру орталығы болып табылады.


Қазақстандық-жас патриоттарға  Тапсырма (жүктеу ) 

 

Scopus

Большое спасибо за предоставленное присутствие на таком интересном форуме "Академический день юных патриотов Казахстана". Я мама юного патриота - Горковченко Ильи. Мои чувства гордости и радости переполняли меня с той минуты, когда я вошла на территорию "Балдаурен -2 (Капшагай)". Ваш тёплый приём чувствовался с первых минут.

Учителя с Кокшетау -"Балдаурен "очень вежливо зарегистрировали наш приезд. Все дальнейшие мероприятия прошли на высшем уровне. Ваша работа вдохновила всех присутствующих. Я же получила огромное удовольствие от профессионализма педагогов центра "Балдаурен". Просто "Молодцы", выбрано правильное направление на творческое развитие детей, создаётся патриотическая среда обучения наших детей. Большое спасибо директору,зам.директору и всему коллективу лагеря "Балдаурен". Восхищаюсь вашей работой ! Вы приобщаете детей к патриотизму - это очень высокое качество, которое повышает культуру нашего Казахского народа ,личность ребёнка духовно обогащается. Большое Вам спасибо за ваш благородный труд! Сердечно благодарю вас за награждения "Благодарственным письмом "и за моего сына Горковченко Илью, который был награждён медалью Юного патриота Казахстана! Огромное спасибо! Ещё раз благодарю весь коллектив вашего оздоровительного центра Балдаурен! Всем педагогам желаю творческих успехов и роста в работе! А также Всем Вам крепкого здоровья! Хочется отдельно поблагодарить нашего классного руководителя Алмагуль Балташевну за её доброе сердце, за её переживания! Алмагуль Балташевна стала для нас родным человеком! Всем Доброго и Крепкого здоровья!

 

С уважением, мама Горковченко Ильи Наталья Александровна.

 

__________________

 

Хочу поблагодарить Вас за теплый прием и приглашение на День Академии юных патриотов-казахстанцев

 в Балдаурене.

Спасибо всем организаторам данного мероприятия. Большая благодарность Вам за то, что Вы вместе с педагогическим коллективом воспитываете  наших учащихся.

 Мы гордимся тем, что именно Абдулаев Эльман– ученик нашей школы удостоен такой чести - носить такое высокое звание- юный патриот Казахстана. Теперь он гордость школы. Все сотрудники Центра - профессионалы своего дела. Спасибо Вам всем !!!

 

Аллахвердиева Наргиз – классный руководитель. Жамбылская область.

 

__________________

 

Добрый вечер!

                Хочу поблагодарить Вас за теплый прием и приглашение на День Академии юных патриотов- казахстанцев  в Балдаурене.

                Спасибо всем организаторам данного мероприятия. Большая благодарность Вам за то, что Вы вместе с педагогическим коллективом воспитываете  наших учащихся.

 

 Мы гордимся тем, что именно Абдулаев Эльман– ученик нашей школы удостоен такой чести - носить такое высокое звание- юный патриот Казахстана. Теперь он гордость школы. Все сотрудники Центра - профессионалы своего дела. Спасибо Вам всем !!!

 

___________________

ЖАС ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТТАР АКАДЕМИЯСЫНА МҮШЕ БОЛДЫ

Кеңес Үкіметі тұсындағы әлемге әйгілі болған «Артек» Халықаралық балалар орталығының аналогы бойынша елімізде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтыңтапсырмасымен «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы құрылған еді.

«Балдәурен»- бұл оқу-педагогикалық және сауықтыру істерін ұйымдастыруымен айналысатын, сонымен қатар, балалардың Халықаралық және Республикалық мәдени көпшілік, ғылыми-практикалық іс-шараларын өткізетін Республикалық оқу-сауықтыру орталығы.

«Балдәурен» РОСО еліміздің ең көрікті жерлерінің бірі Бурабай курорты аймағында Щучье көлінің жағасында орналасқан. Аталған орталыққа еліміздің түпкір-түпкірінен ең озат, өнерлі, дарынды балалар барып демалады. Биылғы жылы мектеп басшысы Гүлнәр Әбікенқызы Бақтыбаеваныңеңбегімен 18 наурыз және 6 сәуір аралығында Жәйрем кентінің №30 ЖБОМ 10 бала аталған оқу-сауықтыру орталығына барып демалып қайтты.Директордың тәрбие істері бойынша орынбасары Қанат Серікбаева жетекшілік етіп апарған балалардың алған әсерлі өте тамаша. Сөзбен айтып жеткізе алмай, естелік суреттерімен мақтанысып жатты. 5 мезгіл тамақ, өте ыңғайлы тәртіп, әртүрлі спорттық сайыстар, өнер жарыстары болып біздің балалар жер жерден келген балалармен танысып, ой-өрістерін дамытып, жаңа достар тауып, ерекше көңілмен қайтты. Озат та дарынды балаларымыз Әбдірахманов Дінмұхаммед, Әбдірахманов Арман, Телібай Сәулет, Сұңғатов Дінмұхаммед, Асанов Ернар, Корнеева Анастасия, Шабанова Виктория, Ерохин Даниил, Савин Никита, Кононов Викторлар ішінен Әбдірахманов Дінмұхаммедті сөзге тартып едік, ол өзінің «Балдәуреннен» алған әсерін былай бөлісті. «Маған «Балдәурен» орталығы өте қатты ұнады. Күнделікті болатын әртүрлі сайыстар, жарыстар бізге қаншама дос тапқызды. 5 мезгіл берілетін тамақтары өте дәмді және алуан түрлі. Тіпті суға түсу, бөлме жинау, асханаға барудың өзіне арнайы жүйе құрып қойған. Бізге қатты ұнады. Басқа қалалардан келген балалармен танысып, білістік. Би кештері болды, бассейнге түстік, Бурабай табиғатын тамашаладық. Өзімен бірге домбырасын сүйрей барған Асанов Ернардың өнеріне барлығы өте қатты қызықты. Біз алды болдық, бізді бәрі сыйлады. Бара жатқанда ауа райының қолайсыздығын Жаңаарқадан Қарағандыға қарай жол жабылып қалып, біз поездан қалып қоя жаздап, жетекшіміз Қанат Хамитқызының ширақтығымен, сол кісінің еңбегімен бәрі шешіліп, бәрі ойдағыдай болды. сауықтыру орталығы үйге дейін жейтін тағамымызды салып берді. Ешқандай қиыншылық көрген жоқпыз. Осындай демалыс сыйлаған мектеп әкімшілігіне, ата-анама үлкен рахметімді айтамын.».

Осы жолғы сапардың ең жағымды қуанышы ілгері күнге үлкен үміт артқан болашақтағыжарқын істердің бастамасы ретінде «Балдаурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Қазақстан – жас патриоттар Академиясы құрылып, мүшелікке 120 бала қабылданса, оның ішінде Қарағанды облысынан қабылданған 7 баланың төртеуі біздің оқушылар болды. Олар сертификат, куәлік және төс белгілеріне иегерлері болды.

Осы орайда, жүзден жүйрік, озық, бетке ұстар, білімдерін, адамгершілік қасиеттерін көрсеткен, Қаражал-Жәйрем аймағын Қазақстан Республикасының Академиясына танытқан  жас патриоттарымызға және ал балалардың қуанышына септігін тигізген мектеп басшысы Гүлнар Әбікенқызына, оларға жетекшілік еткен Қанат Хамитқызына үлкен алғысымызды білдіреміз.

Гауһар Наурызбаева

 

(«Қазыналы өңір» газеті, №17 (796), 16 сәуір 2016 ж.)

_______________________

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ-ЖАС ПАТРИОТТАР АКАДЕМИЯСЫ

Әлемде және Қазақстанда болып жатқан әлеуметтік, экономикалық, саяси өзгерістер дәуірінде болашақ ұрпақты патриотизмге тәрбиелеуі күшейді. Мемлекеттің, армияның, жеке адамның, соның еліміздің болашағы оқушы жастардың өмірлік қызметінің маңызды көзі – патриотизм.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев халыққа жолдауында: «Өткен тарихқа тағзым да, бүгінгі бағытқа мақтаныш та, келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген ұғымға сыйып тұр. Отан сүю – бабалардан мирас болған мұраны қадырлеу, оны сақтау, өз үлесіңді қосып дамыту, кейінгі ұрпаққа аманат етіп табыстау. Қазіргі күні барша қазақстандықтың міндеті осы болуы тиіс», – деген болатын.

Ілгері күнге үлкен үміт артқан болашақтағыжарқын істердің бастамасы ретінде «Балдаурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Қазақстандық-жас патриоттар Академиясы» құрылды.

18 наурыз және 6 сәуір күндері 4 ауысым бағдарламасы барысында патриоттық тәрбие беру байқауына 288 бала қатысты. Нәтижесінде ауысымның салтанатты жабылуында «Қазақстандық-жас патриоттар Академиясының» мүшелеріне 120 бала қабылданды. Соның ішінде, қуанышқа орай, біздің мектебіміздің оқушылары өтіп, сертификат, куәлік және төс белгілеріне иегерлері болды. Олар: талантты Телібай Саулет – 9 в сынып, дарынды Абдрахманов Динмухаммед – 8 б сынып, ақылды Сунгатов Динмухаммед – 8 а сынып, күйші Асанов Ернар – 5 б сынып.

Тағы бір неше байқаулаға қатысып, жүлдері орындарңа ие болған және тамаша демалған оқушыларымыз Корнеева Анастасия, Шабанова Виктория, Ерохин Даниил, Савин Никита, Кононов Виктор и Абдрахманов Арман.

Осы орайда, жүзден жүйрік, озық, бетке ұстар, білімдерін, адамгершілік қасиеттерін көрсеткен, Қаражал – Жайрем аймағын Қазақстан Республикасынын Академиясына танытқан жас патриоттарымызға ұлкен алғыс білдіріп, болашақта тығыз бірлескен қызметке сенеміз!

Серікпаева Қ.Х. –

 

№30 ЖББОМ Тәрбие-ісінің меңгерушісі

_________________________________

 

Отчет

  о проведении Республиканского Академического дня

 

в рамках Проекта «Академия юных патриотов-казахстанцев»,

проходившего в Республиканском учебно-оздоровительном

центре «Балдаурен»

 

                С 25 по 27 апреля 2016 года в Республиканском учебно-оздоровительном центре «Балдаурен»  прошел Республиканский  Академический день в рамках Проекта «Академия юных патриотов-казахстанцев».

                Участниками данного мероприятия стали: заместители директоров школ по учебно-воспитательной работе, классные руководители учащихся, принятых в члены Академии юных патриотов-казахстанцев в 3-4 сменах 2016 года, педагоги-организаторы, учителя и методисты РГКП РУОЦ «Балдаурен». Всего – 130 человек. Наибольшую активность проявили представители Жамбыльской, Северо-Казахстанской, Карагандинской и Акмолинской областей.  

                На торжественной церемонии открытия Республиканского Академического Дня в рамках Проекта «Академия  юных патриотов- казахстанцев»  с  приветственным словом выступил Почетный работник образования Республики Казахстан, член коллегии Министерства образования и науки РК, Генеральный директор РГКП РУОЦ «Балдаурен» – Толепбай М.Б.

                С докладами выступили автор идеи Проекта «Академия юных патриотов-казахстанцев», обладатель ордена «Құрмет», член-корреспондент НАО им. Ы.Алтынсарина – Битуова Т.Р., а также Почетный гость Центра,  Руководитель департамента по техническому регулированию компании NCOC Есболатова З.М.

                С ответным словом выступили: Исина Ы.О. – директор школы, СКО;

Семинихина С.В. – заместитель директора по воспитательной работе школы «Восток» для одаренных детей, г. Усть-Каменогорск; Айдабосынова М.М., Жамбыльская область – социальный педагог.

                Для участников республиканского мероприятия педагогическими работниками Центра и специалистами были организованы: тренинг «Воспитание патриота» (Айтмуханметова Шырын Абдигалиевна – тренер-инструктор Национального банка УДП, магистр делового администрирования Алабамского университета, США); круглые столы «Я –  гражданин своей страны» (Яковенко А.А., Кульмагамбетова А.А.), «Қазақ кім десен…» (Хафиз О.). Для гостей Центра также была проведена большая культурная программа: экскурсия по Центру (этнографический музей, художественную галерею), в Щучинско-Боровскую курортную зону, праздничный концерт педагогического отряда «Жастар», спортивно-оздоровительные мероприятия.

 

                По итогам проведенного республиканского форума все участники были  награждены благодарственными письмами РУОЦ «Балдаурен».